Шондай Юра Аршалы ауданы Бұлақсай ауылы Абай атындағы орта мектебінің тарих және геграфия пәнінің мұғалімі



Дата27.02.2020
өлшемі25,6 Kb.
#58720
Шондай Юра

Аршалы ауданы Бұлақсай ауылы Абай атындағы орта мектебінің

тарих және геграфия пәнінің мұғалімі
Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім!

Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздігі туралы айту арқылы оқушылар бойына, еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, тәуелсіздіктің қадір – қасиетін түсіндіру.

Тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болуды түсіндіру арқылы өскелең ұрпақтың имандылық және елжандылық сезімдерін ояту;



Көрнекілігі: кітап көрмесі, слайд, Желтоқсан қаһармандарының суреттері, шарлар, қанатты сөздер .

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Қадірлі ұстаздар мен оқушылар!Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 24 жыл.Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың асыл арманы,мақсат мұраты еді.Ол күнге жетіп отырған өзімізді бақыттымыз деп есептейміз. Тәуелсіздік киелі де қастерлі ұғым. Бұны өзге түсінбесе де кең сахараны ен жайлап еркін көшкен қазақ халқының ұғынары анық.

2-жүргізуші: 2015 жыл ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблиясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы жеңістің 70 жылдығын атап өттік . Бұл мерейлі мерекелер Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына сәйкес келіп отыр.

1-жүргізуші :Олай болса Тәуелсіздігіміздің жемісті 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!» атты салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз .

2-жүргізуші: Түсінген терең өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім.

Беретін бойға күш-қуат, жігер,

Шырқалсын шаттық әнұран әнім.



Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

2-жүргізушісі: Тәуелсіздік –арманым ең аңсаған,

Бабаларым жетеміз деп шаршаған.

Бүгін міне бар әлемге танылдық ,

Қазақ елі,үміт артам мен саған.



Мерекелік құттықтау сөзі Бұлақсай ауылының әкімі Жанат Дуанбайұлына беріледі.

1-жүргізуші: Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елідіктің.

Қазақстан –алтын бесік отаным,

Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.



Аршалы ауданының мәслихат депутаты, Абай атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мөшке Аршагүлге мерекелік құттықтау сөз кезегі беріледі.

2-жүргізуші: Ата –баба, жаны күйіп қорғаған,

Тәңір қолдап, бақ-береке орнаған.

Қазақстан-тәуелсіз ел сен бүгін,

Ақ-тілегін болашаққа арнаған.



Абай орта мектебінің директоры Мухаметрахимов Аманкелді Сайлауұлына мерекелік сөз кезегі беріледі.

1-жүргізуші:Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді .Ел тәуелсіздігі үшін жүргізілген күрес жолында саяси қайраткерлер, қолбасшылар, ғалымдар , қатардағы бұқара өкілдері құрбан болды. Олар халық жүрегінде мәңгі сақталады.

2-жүргізуші: Қазақ елін бір тудың астына жинап біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары-Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамбетұлы. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман-тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.

1-жүргізуші: 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет күні. Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні,өктемдік күні еді.

Көрініс «Құйынға түскен жас ғұмыр»

Рөлдерде :

Автор сөзі - Оралжан Ж.

Қайрат Рысқұлбеков - 8-сынып оқушысы Болатхан Т.

Талғат Рысқұлбеков – Бекболат Д.

Милиционер –Туысхан А.

Жәнібек:Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді . Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков та бар еді.

Милиционер:Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

-Савицикийді өлтірген сен бе?



Қайрат:Жоқ, мен емес!

Милиционер: Сен өлтірдің мойныңа ал! Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсын, бұзақы!

(Қайратты алып кетеді)

Автор сөзі: Мені өткен жылдың желтоқсан айының 18-і күні Фурманов пен Абай көшелерінің қиылысқан жерінде ертеңгі сағат 9:00-де түсірілген фотосурет арқылы үстіміздегі жылдың бірінші қаңтары күні қамауға алды-деп жазды прокурорға берген түсініктемесінде.

Автор сөзі :Ақтық демі таусылғанша осы айтылған сөзінен танбаған жиырма жасар қайсар жігіттің тергеуде өзін ұстауы,тағылған айыптарды қасарысып мойындамауы республикалық прокураторының тергеу бөлімінің бастығы А.Дубаевтың жүйкесін жұқартқан болар ССРО Жоғарғы Советі Президиумы 1988 жылғы 23 сәуірдегі жарлығымен тым кештеу болса да, кешірім жасалғанын Қайрат естіді.

Қайрат Рысқұлбеков:

«... Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл, әрине, біреуге қуаныш, біреуге жұбаныш, ал біреуге азап, өз басым,бұл үшін қуанғаным жоқ. Өйткені,асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлының бұл тас зынданда жазықсыз отырғым келмейді.Он бір ай ішінде қайғы – қасіреттен жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен жазықсыз өз-өзімді жиырма жыл бойы қинағым келмейді».

Түрме жыры

Тор темір, жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміріп темір торға қаматқанша,

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың ?

Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,

Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін.

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

Тас төбе,төрт қабырға темір есік ,

Ас берер ортасында жалғыз тесік.

Күніне ұстатады үш тілім нан,

Өлмейтін саған ішер осы нәсіп.

Інісімен кездесуі: Қ.Рысқұлбековке ас апаруға барған інісі Талғатқа

Қайрат «тергеушіге де, адвокатқа да ақша беріп әуре болмаңдар, босқа шашыласыңдар, маған бәле жабуда, мен ақпын, ақталамын»

Талғат Рысқұлбеков : Рас «аққа құдай жақ» деген аға сенің ақталып шығатыныңа сенемін .( Талғат кетеді)

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар .

Қасқалдақтай қаным бар,

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар.

Әдеби монтаж

7- сынып оқушыларының орындауында ән«Қазақстан бақытты»
2 сынып оқушыларының орындауында би «Жұмыр қылыш»

3- сынып оқушысы Бекболат Еркеназдың орындауында ән «Домбыра »

2 –жүргізуші :

Тәуелсіздік –бұл менің парасаттым,

Күншілменде тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Мөшкеқызы Аршагүл мен баласы 2-сынып оқушысы Болатханұлы Азаматтың орындауындағы «Менің Қазақстаным» әнін қабыл алыңыздар

6 –сынып оқушларының орындауындағы ән «Чемпион»

9 –сынып оқушыларының орындауындағы ән «Елім менің »



1 –жүргізуші :Рәміздер - Тәуелсіздік мәртебесі,

Орныққан азаттықтың ұлы іргесі.

Тәуелсіздік арайлап атқан таңға,

Тірек болар Әнұран мен Елтаңба – деп жүрегі Отан деп соғатын, мектебіміздің қоғамдық жұмысына белсене қатысатын ата –аналарымыздың мерекелік ән шашуын қабыл алыңыздар.

«Туған жер» ән орындайтын Ёлка

Тәттімбеттін күйі « Көкейкесті» орындайтын Райхан Мүсілім

9 –сынып оқушысы Ботакөздің орындауында ән:«Атамекен»

2 – жүргізуші : Тәуелсіздік не деп оны түсіндік,

Тәуелсіздік ар-ожданың, кісілік.

Адамға адам – жолдас, бауыр туыс боп,

Ел жұртының алма құнын түсіріп .

Ән: «Аршалы» орындайтын Аршагүл , Құрмет .

Ән:«Қазақстан бақытты» орындайтын 7 –сынып оқушылары

Хор: «Атамекен»

1-жүргізуші:Біздер, қазақстандықтар –бір халықпыз.

Біз үшін ортақ тағдыр –бұл біздің Мәңгілік ЕЛ.



2-жүргізуші:Атыннан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды ,кенеле бер.

Мерейің құтты болсын ,Тәуелсіздік ,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.



1-жүргізуші :Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті , олашағымыз жарқын болсын!
Бүгінгі «Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!» атты мерекелік шарамызды аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға алғыс айтамыз! Келесі кездескенше хош сау болыңыздар !

Естіртем бар әлемге үнімді де,

Туған ел арт,көтерем жүгіңді де

Отаным Қазақстан өрге басқан,

Тәуелсіз мен Қазақпын бүгін, міне.

Хайринса : Құтты болсын мерекеміз балалар,

Қадірлейді осы күнді адамдар.

Қиындықпен келген бұл мерекені,

Қадірлейік ,бағалайық балалар

Алия: Отан –жерім,

Отан –суым ,

Отан -қуат, нәр береді.

Отан –ұран,

Отан –туым,

Отан мәңгі гүлденеді .

Саят:Тәуелсіздік жолында,

Талай –талай тер тамған .

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім –Елтаңбам.



Марал : Армандары жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі

О, халайық,

Құтты болсын қуаныш!

Айдын: Бақ жұлдызым сөнбейтін маңдайдағы,

Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы.

Қазақстан ғарыштап күннен –күнге ,

Азат елдің қыраны самғайды әлі .



Нұрайлым : Еркін елміз азаттықты аңсаған

Тәуелсіздік тәубе деймін мен саған .

Сақтайық деп тіл мен дінді басқадан ,

Барша қазақ мен сендерге жар салам !



Ерлан : Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн ,

Бізге оңай келген жоқ қой азат күн .

Еркіндіктің желбіретер көк туын.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын,алтын әнім,жас өркені халқымның.



Желтоқсанда шырқаймын де шындық жырын шарқұрдың

Желтоқсанда егеменді ел болам деп талпындың.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет