ТҰҚЫМДАСТЫҚ ЖОЛЫ
(3-дǝлел)
Жоғарыда айтылғандай, бар нǝрсе өздігінен жаралып жатқан соң, жаратушы деген жоқ. Құрғақтағы хайуандар, адамдар, өсімдіĸтер, құстар — бǝрі теңізден туған. Теңіз жерді орап алғандықтан, су хайуандары, өсімдіĸтері, құрғаққа шыққан. Жер жүзінде өсетіндердің жандылардың бǝрі басында су хайуаны болған. Неге десең, қырда не түрлі жандылар болса, теңізде де соған ұқсастар бар. Теңізде жылан, ит сияқтылар болғанымен тұрмай, құс сияқтылар да болған. Сондықтан бұларды бөлеĸ – бөлеĸ жаратқан ие жоқ дейді. Бұл — Маиеннің сөзі.
Достарыңызбен бөлісу: |