Дәстүрлі мерекелер мен атаулы күндер.
5-ақпан күні «Жас өркен»оқушылар ұйымының кезекті отырысы өтіп,ұйым мүшелері есептерін тапсырды.«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Мектеп президенті Серік Жансая оқушылар отырысында өз жоспарын ұсынды.Ұйым мүшелері өткізетін іс-шаралар жоспарын құрды.
Наурыз айында барлық сыныптарда аналар мерекесіне орай, ашық сынып сағаттары өтті. Сынып сағатына аналар шақырылып, оқушылар ән-жырдан шашу шашып, жылы лебіздерін білдірді.1-сыныпта «Тіршілікке нәр берген ана сүті» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушылар аналарына арнап шығарған өлеңдерін оқып,ана туралы өз ойларын айтты. Сонымен қатар, аналар бір сәт би билеп, балалардың сұрақтарына жауап берді.
8-сыныпта «Аналар асыл жандар» тақырыбымен ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағатында анал ән салып,би билеп, сұрақтарға жауап берді. Сыенып жетекшсі Құсайынова Зайра Асқарқызы.
22 наурыз мерекесіне орай, «Көрісу» күні 8-сыныпта «Армысың, әз Наурыз!» атты ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушылар Наурыз мейрамы туралы пікір алысты. Сынып жетекшісі Құсайынова Зайра Асқарқызы.
Достарыңызбен бөлісу: |