Мамандықа баулу бағыты бойынша .
«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында 8-9-сынып оқушыларымен тренинг өтті. Тренингке 7 оқушы,5 мұғалім қатысты. Тренинг барысында Карабалина Рауза Баянқызы оқушыларға мамандық таңдау барысында ,өзі таңдаған мамандықтарды,бүгінгі күні сұранысқа ие мамандықтар бойынша сөз қозғады.
9-cыныпта «Мамандық әлемінде» атты пікір-талас өтті. Пікір-таласта оқушылар өздері таңдаған мамандық туралы айтты.
Ата-анамен жұмыс бағыты бойынша.Ата-анамен жұмыс барысында 1-сыныпта «Ата-ана және мектеп» татты тренинг сабақ өтті. Тренингке 7 ата-ана қатысты. Ата-аналардан сауалнама алынып, психологиялық жаттығулар ойнатылды. Сынып жетекшісі Даниярова Гулфайруз Абидақызы.
19-наурыз күні ата-аналар отырысы өтті. Оқушылардың сабақ үлгерімі туралы айтылды. Көктемгі каникул уақытындағы іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |