3.Қазақстандағы аз ұлттар тарихын зерттеудің тарихы мен қазіргі заманғы заманғы отандық тарихнамасы. Қазақстанда бұрынғы Кеңес Одағы кезінде негізгі ұлт – қазақтардан басқа 120 ұлт өкілдері мекендесе, тәуелсіз ел атанған он жыл аралығында да біздің республикамызда дәл осы мөлшердегі ұлт өкілдері тұрып келеді. Мұның өзі қазақ халқы мен өзге ұлт өкілдері арасындағы көптеген жылдар бойы берік қалыптасқан ұлтаралық татулық пен өзара түсіністікті, жарастық пен келісімді айшықтайды.
Осы ретте ұлтаралық достық пен татулықты, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін одан әрі нығайтып, алдағы күндерде де елімізді мекендеген ұлттарды топтастыра, жарастыра беру Қазақстан Республикасының басты стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Мемлекеттегі ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас осы сындарлы саясат нәтижесі екендігін аз ұлт өкілдері мысалында нақты көз жеткізуге болады.
Ұлттың құрамы жағынан өзге елдерге ұқсамайтын Қазақстанда әлемдегі 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері қазақтармен бірге тұрып, қоян-қолтық, емін-еркін, тату-тәтті өмір сүруде. Республикада бұған дейінгі аз ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін дамытуға байланысты атқарылған көптеген игі істерді жоққа шығаруға болмайды. Еліміздің мектептерінде республика тәуелсіз мемлекет атанғанға дейін де сабақ қазақ, орыс тілдерімен бірге ұйғыр, өзбек, тәжік, неміс, корей тілдерінде өткізіліп келеді. Қазақстанда бұрын кеңестік кезде қалай болды, қазір де сол қалпында күнделікті мерзімді басылымдар мен кітаптар алты тілде шығарылып келеді. Мәселен, қазақ, орыс тілдерінен басқа ұйғыр, неміс, корей және украин тілдерінде республикалық, мемлекетаралық газеттер шығып тұрады. Мұның сыртында елімізде қазақ театрларымен бірге орыс, ұйғыр, неміс, корей театрлары да қалыпты жұмыс істеп келеді. Осы ретте бір миллионға жуық қазақ мекендейтін көршілес Ресейде ұлттық театр туралы сөз қозғамай-ақ, қазақ тілінде мектеп, аудандық деңгейдегі газет ашуға жағдай жасалмай отырмағандығын айтып өткен жоқ. Ал, бізде жоғарыда атап өткеніміздей, қазақтардан кейін сан жағынан көп орыс пен немісті айтпағанның өзінде жүздеген мың ұйғыр, корейлердің ұлттық драма театрлары бар екендігін мақтан етуге болады.
Дәріс№9. КҮНДЕЛІКТІ ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАСЫ, ӘДІСНАМАСЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ.