Карта және глобус Карта – математикалық негіздерге сүйеніп жасалған. Картада жер шарының, күн жүйесіндегі басқа ғаламшардың, аспан денелері және т.б кішірейтіліп, жинақталып шартты белгілермен көрінісі берілген.
Мазмұнына қарай карталар жалпы географиялық, тақырыптық болып екіге бөлінеді.
Көп жағдайда тақырыптық карталар бірнеше компоненттердің байланысын бірге көрсетеді бұны кешенді карталар деп атайды.. Жер бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеуді - картографиялық проекция – деп атайды.
- Солтүстіктен белгілі бір бағытқа бағытталған бұрыш аралығы Азимут д.а Азимут тек компаспен анықталады.
- Азимут 00 – 3600 аралығында есептеледі
- Айналадағы көзге көрінетін кеңістікті – көкжиек деп аталады.
- Қағаз бетіне обьектіні кішірейтіп түсіруді – масштаб деп атайды. Масштаб 3 ке бөлінеді : Сандық (1: 1000 000), Атаулық (1см : 10 км), Сызықтық.
Масштаб көлеміне қарай карталар:
1: 25 000 (ірі масштабты);
1: 1 000 000 (орташа масштабты);
1: 1 000 000(ұсақ масштабты) ;
План - деп кішігірім жер бетінің бөлігінің белгілі бір масштабпен жасалған проекциямен кескінделген сызуды айтамыз.
Картаның планнан айырмашылығы - картада картографиялық тордың паралель мен меридианның болуы
Меридиандар мен параллелдердің қиылысуынан – Картографиялық тор пайда болады
Жер осьінің жер шары бетімен түйісетін нүктені – полюстер деп аталады
Оңтүстік полюс пен Солтүстік полюсті қосатын сызықты - Меридиан деп атайды.
Экваторға қарама – қарсы жатқан сызықты - Параллельдер д.а
Екі параллель арасы - 111 км немесе 150С – қа тең
Әр параллель шеңбер тәрізді болады, ал Меридиан доға пішіндес болады.
Бастапқы меридиан мен берілген нүктеге дейінгі градус шамасы – географиялық бойлық деп аталады.
Экватордан солтүстікке жне оңтүстікке қарай тартылған градус шамасы – географиялық ендік деп аталады.
Жер бетінің мұхит немесе теңіз деңгейінен қосып есептегендегі биіктікті – абсолют биіктік дейді.
Жер бетіндегі бір нүктемен екінші нүкте аралығындағы биіктік айырмашылығын - салыстырмалы биіктік дейді. Оны нивелир немесе тіктеуіш немесе деңгейлегішпен өлшеп анықтайды.
Ылдидың бағытын горизонтальға кесе – көлденең қойылған сызықша – Бергштрих деп аталады.
Экватордың ұзындығы - 40 000 км
Жердің ортасынан экваторға дейінгі арақашықтық – 6378 км