Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»



Дата25.09.2024
өлшемі30,9 Kb.
#205124
Байланысты:
statya-po-korrupczii-novyij.-10-12-2021-09-43-22





Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұратыны туралы аталған заңның 3 бабында айқындалған. Әр уақытта Конституцияның нормаларын орындау мақсатында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын жүйелі әрі тұрақты түрде қорғау, сондай-ақ халықаралық қатынастарда ұлттық мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту процестері жүзеге асыру мәселелері қолға алынып келеді. Бұл ретте Конституцияның принциптері негізге алынады. Ол жерде Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең маңызды негіз ретінде адам мен азаматтың құқықтары мен мүдделерін толыққанды қорғау және сонымен бірге саяси билік нормаларының көмегі арқылы ықтимал қиянат жасау мен сыбайлас жемқорлықты шектеуге ұмтылу міндеттері белгіленді.


Тәуелсіздіктің 30 жылдығында негізгі заңның мәртебесін көтеру, жоғары заңдық күші бар және республика аумағында тікелей әрекет ететін нормативтік құқықтық акт ретінде іске асыру және оның барлық құқықтық жүйесі мен қолданыстағы құқықтарының негіздерін қамтамасыз ету ғылыми негізделген бағдарламалар мен актілерді әзірлеуді талап етті. Осыған орай саяси-құқықтық құжаттар үшін қоғам өмірінің заң саласын кешендік бағалау негізге алынып, конституциялық нормалар мен ережелерді құқық жүйесіне, заң практикасына, еліміздің егемендігінің объективті әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени және тарихи факторларын ескере отырып, құқықтық идеологияға енгізу жолдары ұсынылды, қоғам, мемлекет және құқықтың өзара қарым-қатынасын құқықтық реттеудің тиімділігін қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, бұл мақсатта еліміздегі құқық жүйесінің құрылымын және оның ішкі қарама-қайшылығын, нормативтік құқықтық актілерді қамту және қолдану арқылы адамның құқықтары мен бостандықтарының өзара байланысын, сыбайлас жемқорлықты жеңудің маңызды шарты ретінде қарастырылатын, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндетін бекіту ұсынылған.


Нормативтік-құқықтық жұмыстар басқармасы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет