Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі
комиссияның қызметі туралы
АҚПАРАТ
(2017 жылғы 1-тоқсан)
2017 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа Комиссия мүшелері және шақырылған мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Отырыста «Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік этика нормаларын бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қызметі туралы» мәселе тыңдалды.
Осы мәселе бойынша ветеринария басқармасы басшысының орынбасары А.Шынтеміровтың ақпараты, сондай-ақ, Катонқарағай ауданының әкімі А. Нұрғожиннің ақпараты тыңдалды.
Осы мәселені талқылау барысында Комиссия мүшелері осы мәселе бойынша тиісті хаттамалық ұсынымдар әзірледі.
Ветеринария басқармасы басшысы орынбасарының ақпараты бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылғы мамыр айында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының қатысуымен семинар өтті.
Мемлекеттік қызметкерлердің кіріс қаржысы мен мүлік туралы декларацияны уақытылы тапсыруы туралы түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды және бақылау жүзеге асырылды, декларациялар белгіленген мерзімде тапсырылды. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмауға, ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс қарым-қатынасты қалыптастыруға қажетті шаралар тұрақты негізде қабылданады.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі өткен кезеңде Ветеринария басқармасының 1 қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке және 1 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тұтастай алғанда, Комиссия жұмысы жоспарлы негізде жүзеге асырылады, өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағытталған ұсыныстардың орындалуын бақылау жүзеге асырылады.
Комиссияның негізгі міндеті өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты неғұрлым өзекті проблемалық мәселелерді қарау, сондай-ақ, тиісті хаттамалық ұсынымдар әзірлеу, ортақ, бірлескен күш-жігермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |