Сыбайлас жемқорлықпен күресу саласындағы халықаралық тәжербие



бет3/3
Дата13.09.2020
өлшемі28,78 Kb.
#78418
1   2   3
Байланысты:
Статья Кудекова

Малазиялық тәжірибесі де ойға қонымды. Малайзияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған стратегиясы мен оның жоғары деңгейде іске асырылуы бұл тәжірибені оқып зерттеуге деген қызығушылығымызды арттыра түседі. Қазақстан мен Малайзия елдерінің шамамен бірдей халық саны, мемлекеттік аппарат саны, экономикасының көлемі сияқты ұқсастықтары Малайзия елінің тәжірибесі тұрғысынан әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жоюға жағдай жасайтын мәселелерді қарастыруымызға мүмкіндік береді. Малайзия да Қазақстан сияқты көпұлтты әрі поликонфессионалдық мемлекет. 
2008 жылдың аяғында  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы халықаралық тәжірибе» атты курс ұйымдастырып, Малайзия еліне іссапарға жіберді.

Малайзияда  Малазиялық Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы Академиясы (МАСА-ары қарай ) қызмет атқарады. Бұл азиаттық-тынықмұхиттық өңірдегі осы саладағы тұңғыш институт болып табылады. 2005 жылдың желтоқсанынан  жұмыс істеп келе жатқан Малазиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің бір бұтағы іспеттес.

Қытай елінің тәжірибесін әмірші, өктем режимдегі мемлекет тұрғысынан қарасақ, біраз бізді қызықтыратын мәліметтер аларымыз сөзсіз. Бұл елде жемқорларға қарсы өте қатал шаралар қолданылады. 1989 жылдың өзінде ғана сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасағаны үшін 30 адам өлім жазасына кесіліп, 30 мың адам әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. 2008 жылы Қытай елі сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 3,6 баллмен 180 елдің ішінде 72 орынға иеленді.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің ең қауіпті жауы деп жарияланған партия съезі өтеді. Бұдан кейін жемқорлық деңгейі біраз төмендейді, сонан соң одан да ұлғая түседі. Келесі съезд өтеді және тағы да сол жағдай қайталанады.
«Соғыс стратегиясы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қытайда жүргізілген күрес тәжірибесі қызықты. Бұл күрес 1951 жылдың желтоқсанында, бүкіл Қытайда «үш қарсы» (сыбайлас жемқорлыққа қарсы, бюрократтыққа қарсы, ысырапшылыққа қарсы) бағдарламасымен бірге басталды. Бұл кезде мыңдаған адамдарға сыбайлас жемқорлық қатынастарына түскендері үшін өлім жазасына үкім шығарылды. Тек қана сыбайлас жемқорлық туралы істерді қарастыратын арнайы халық соттары құрылды. Үкімет әр адамнан оған сыбайлас жемқорлық туралы білетінін хабарлауды талап етті. Кампания ресми түрде 1952 жылдың маусымында аяқталды. Акция нәтижелері таң қаларлық. Тіркелген сыбайлас жемқорлық саны 1950 жылы 500000-нан орта есеппен 1951 жылдан 1965 жылға дейін 290000-ға дейін төмендеді.

АҚШ елі 2008 жылы  сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 7,3 баллмен 18 орынға иеленіп, «жиырма көшбасшы» елдің қатарына енді. АҚШ сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамалық бастамаларды тек өз елінің шегінде ғана қабылдап қоймайды, сонымен қатар халықаралық тәжірибеге де сүйенетіні ойланарлықтай. АҚШ шетелдік шенеуніктерге пара беруге тыйым салатын «Сыбайлас жемқорлықтың шетелдік тәжірибесі туралы» атты Заңды (1977ж.) тұңғыш қабылдаған ел болып табылады.

Егер біз еуропалық мемлекеттердің тәжірибесіне көңіл бөлмесек, аталған мәселені жан-жақты толық зерттей алмасымыз сөзсіз. Осыған байланысты 2008 жылы  сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Сингапурден кейінгі 9,0 баллмен 5-ші орынды иеленген Финляндия елінің тәжірибесіне тоқтала кетейік. Финляндия елінің сыбайлас жемқорлықпен күресіндегі жетістіктері әлемдік сыбайлас жемқорлық Барометрі (Global Corruption Barometer) және жемқорлардың әлемдік индексі  (Global Briber Index) сияқты зерттеу түрлерімен дәлелденген.



Әр түрлі себептерге байланысты Ресей елінің сыбайлас жемқорлықпен күресі біздің қызығушылығымызды тудырады. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тарихында Қазақстан да Ресей де тең бірдей сатыда. Екіншіден, Transparency International жариялаған 2008 жылы  сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша екі ел «көршілес» орналасқан: Қазақстан 2,2 баллмен 145-ші орында, ал Ресей 2,1 баллмен 147-ші орында. Үшіншіден, көп жылғы бірегей мемлекеттілік тәжірибесі, ССРО болып бір ел «өмірін» бастан кешкеніміз – азаматтарымыз бен шенеуніктерімізде қалыптасқан бірыңғай салттар, тәрбие, идеология. Сонымен бірге олардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастары мен жемқорлық әрекеттеріндегі ұқсастықтарды да ескергеніміз жөн. Екі ел де аумағы жағынан үлкен, халықтың орналасуы сирек. Екі ел де табиғи ресурстарға бай, әрі білімді халқымен ерекшеленеді. Ресей қазіргі уақытта  Қазақстанның саясат жағынан да, экономикалық, мәдени жағынан да стратегиялық серіктесі болып табылады.

Эстония елі посткеңестік республикалар ішінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 6,6 баллмен 27 орында, яғни жоғары рейтингке ие. Испания, Израиль, Португалия сияқты елдердің алдыңғы қатарына шықты. Бұл тәжірибенің ерекшелігі сыбайлас жемқорлықпен күресті компюьтерлендіру арқылы жүзеге асыру қарастырылған, бұл Қазақстан үшін де таңсық емес. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» құру пилоттық бағдарламасын іске асырып жатқанын естеріңізге сала кетейік. 
Сонымен, сыбайлас жемқорлықпен күрестің әлемдегі ең үздік халықаралық тәжірибесіне қысқаша шолуды ұсынамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет