‘‘Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ’’ тақырыбындағы эссе
Cыбайлас жемқорлық - Зайырлы да Тәуелсіз Қазақстаның , қазіргі кездегі ең маңызды жағдайларының қатарына кіреді.Бұл мәселе тек Қазақстанның ғана емес , сонымен қатар бүкіләлемдік шешілмеген жағдайлардың бірі.Қазіргі таңда бұл мәселемен көптеген елдер күресіп , тіпті оған қарсы шаралар жасап жатыр.Айта кетсек , халықаралық ұйымдар қатысуымен брифингтер өткізілуі, түрлі ұйымдардың құрылуы. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жыл-жастар жылы деп бекер айтпаған , себебі тек жастар ғана сыбайлас жемқорлықты тоқтата алады. Еліміздің ертені де, болашағы да осы жастар.
Сыбайлас жемқорлық сонау ежелгі кезеннең бері қалыптасты. Бұл мәселеге Шарль Луи Монтескье француз философы : «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан еді. «Сыбайлас жемқорлық» үкімінің этимологиялық аспектісі латынның «correptio», сондай-ақ «пара», «пара беру» терминін қабылдау арқылы оны анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, римдік артықшылықта «жемқорлық» өкілдігі болды, «бұзу, бұзу, ыдырау, бұзу, бұрмалау, пара алу» толық мағынасында заңсыз процесті білдіреді. Орыс лексиконы сыбайлас жемқорлықты, сондай-ақ бопсалауды, мемлекеттік қызметкерлер мен саясаткерлерді, сатқындықты білдіреді.
Жалпы «сыбайлас жемқорлықсыз » болашақ,еліміз қалай болар еді деген сұрақ бәрімізді іштей мазалайды . Бұл мәселе шешілсе, еліміз одан сайын гүлденіп , ең үздік мемлекеттердің қатарына кірер едік.Түрлі елімізді жандандыратын процестер,шаралар жасалып,қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі артар еді . Тіпті жағдайымыз қазіргіден керемет болар ма еді?Бірақ та жағдайды шешу үшін біз ең алдымен өзіміздең бастап , бар кінәні өзіміздең іздеуіміз қажет .Жемқорлық-қайырымды қала мен кемел мемлекетті құру үшін Әл-Фараби сонау жылдар бойы тырысып жатқан әлемдегі ең маңызды нысандардың бірі.Қазіргі таңда оқуға ,я жұмысқа қабылдану үшін ақшамен қабылдайтын жұмыскерлер ұсталып жатыр .Соның ішінде ақ халатты дәрігерлер де сыбайлас жемқорлықтың досы болуы ,пандемия кезінде ,дәрі жетіспеушіліктің кезіңде байқалып жатыр .Мұны ҚР-нің президеті Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевта байқап айтып жатыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте әр елдің қолданатын әдіс-тәсілдері ерекше болып келеді .Бір байқағаным барлық елде бірдей пайда беретін механизм жоқ және күресі деңгейлері әртүрлі.Біздің еліміздеде осыған орай , менің көзқарасымша пайда тигізетін бірқатар шаралар жасалынып жатыр . Мысалы 2014 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бекітілді. Бұл стратегияның қызметі , түйіні- еліміздің экономикасын дамыту және де Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты жою.
Өз сөзімді түйендей келе « Сыбайлас жемқорлық» жабысып қалған кене секілді –індет , оны болашақта жеңу біздің қолымыздан келеді . « Еңбекке үйренем десең, ерінбе,Өнерге үйренем десең, жерінбе.» демекші, бұл індетті жойып ,қоғамның барлық күшін біріктіріп, амалдар қолданып тоқтатайық.Себебі болашақ біздің қолымызда және елімізге деген патриоттық махаббатымызды оятуымыз қажет.Бұл мәселе жалғыз Президенттің ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың да міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |