4-тапсырма:
«Сиқырлы қоржын»
Қоржының ішінен әр түрлі денелер шығады атауларын тап. «Пішіні ұқсас фигураларды жапсыр».
5- тапсырма:
«Кеңістікті бағдарлау»
Алдымыздағы сөрелерге Али мен Айяның сүйікті ойыншықтарын жинайық. Мұнда берілген бірінші қандай ойыншықты жинайтымызды. Заттарды салыстырып, көлемін түстерін ата.
-Жарайсыңдар балалар, қараңдаршы, жігіт пен қыз бірдей ат үстінде келе жатыр.
-Ортаға келіп, шеңбер құрайық та, бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Апта деген ағайдың ,
Жетті бірдей ұлы бар.
Біріншісі –Дүйсенбі,
Екіншісі - Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі – Бейсенбі,
Бесіншісі – Жұма,
Алтыншысы – Сенбі,
Жетіншісі – Жексенбі.
- Орнымызға отырып біз сендермен қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартысу» ойынын ойнаймыз.
Балалар екі топқа бөлініп, тақтада жіпке ілінген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр шығарған есепке сәйкес жіпті өз тобы жағына қарай тартып отырады. Қай топқа жіптің көп бөлігі жетсе сол топ жеңімпаз аталады.
6-тапсырма:
«Логикалық тапсырмалар және жұмбақ»
-Ағашта он құс бар, аңшы келіп бір құсты атып алды. Ағашта неше құс қалды?
-Аулада үш тауық жүр, екеуі су ішіп жатыр. Аулада неше тауық жүр?
-Аспанда бес қаз ұшып бара жаттады, біреуі жерге қонады. Аспанда неше қаз ұшып бара жатады?
-Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
- Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |