Сиалография кезіңде негізінен шығару түтіктер жүйесі (негізгі және 10-12 дихотомиялық III-IV қатарға дейінгі) толады. Сиалограммада диаметрі 0,2 см-ге дейінгі майда түтіктер көрінеді. Ал өте майда диаметрі 5- 10 мм болатын құрылымдық элементтер — мойыншықтар, ацинустар, сілекей түтікшелері рентгенограммада айқындалмай, паренхима суретін береді. Сілекей безінің айқын көрінуі контрасты заттардың реологиялық қасиеттеріне және енгізу қысымына байланысты. Паренхиманың айқын көрінуі қалыпты жағдай деп есептелінеді.