Плеоморфты аденома - эпителиалді ісік сілекей безінде ең көп кездеседі,. 90% құлақ маңы сілекей безінде көп кездеседі. Көбіне 40 жастан асқан адамдарда кездеседі. Қыздарда 2 есе коп кездеседі. Баяу өседі(10-15 жыл). Ісік түйіні дөңгелек және сопақ формада, кейде бүдірлі, тығыз эластикалық консистенция, көлемі 5-6 см. Жұқа капсула болады. Кескенде кілегейлі,кішкентай кисталармен.
Гистологиясы әртүрлі, содықтан плеоморфты аденома деп аталады. Веретено тәрізді формадағы миоэпителия жасушалары болады ашық цитоплазмамен. Гиалинозды строма кездесу мүмкін.