Дәріс 11. Масс-медиа, технологиялар және қоғам. Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар. Масс-медиа қызметтері. Бұқаралық сана мен цифровизация. Бұқаралық коммуникациялар және әлеуметтік өзара әрекет. Қазіргі заманғы технологиялар. Технологиялық теңсіздік. Масс-медиа түрлері. Медиалық жаһандану. Масс-медиа мен технологияларды зертеудің теориялық бағыттары. Әлеуметтік қадағалау мен бақылау. Киберлаңкестік. Жеке мәліметтерді қорғау. Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, мінез- құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері.
Практикалық сабақ 11. Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз.
Топтағы коммуникацияның негізгі түрлерін ашып көрсететін схема дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология ).
12
Дәріс 12. Экономика, жаһандану және еңбек.Тарихи перспективадағы экономикалық даму. Экономикалық жүйелерді компаративистік талдау. Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы. Экономиканың негізгі секторлары. Жаһандық қоғамда еңбек рөлінің өзгеруі. Еңбектің жаһандық бөлінісі. Қазақстан жаһандық әлеуметтік- экономикалық жүйеде. Рационалдылық мәдениеті. Прагматизм мен жоспарлау.
Практикалық сабақ 12. Жаһандық экономика және еңбек бөлінісі: әлеуметтанулық талдау 1. Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің - капитализм, социализм, аралас экономика, саяси экономиканың – ерекшеліктерін сызба арқылы талдап беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
2. «Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі» тақырыбында эссе дайындаңыз.