Жиынтық бағалау:
Сіздіңқорытындыбағаңызмынаформулабойыншаесептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3+Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының түрі: МК
Пәннің мақсаты студенттерде оқыту әдістемесінің жалпы және жеке әдістерін, оқушылардың білімін бақылаудың және есепке алудың әртүрін және химия пәнінен сабақтың конспектісін құра біледі, сабаққа талдау жасауды меңгереді.
«Химияны оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
- заттардың және олардың өзгеруінің негізгі факторларын оқып, химиялық түсініктерді, химия теориялары және химия заңдары туралы білімді жинақтау;
- химиядан алған білімін, біліктілігін және дағдыларын қалыптастырып, танымдық қасиеттерін және химияға деген қызығушылығын арттыру жолдарын жіктеу;
- пайымдауды қалыптастыру химия өндірістерінің ғылыми негізін оқып, химияны өмірмен байланыстыра оқуды нығайтады, халық шаруашылығындағы химияның негізгі мәселелерін меңгереді, қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен таныса отырып бағалау;
- жеке қабілеттерін, әлемге көзқарасын ғылыми тұрғыда қалыптастыру, әлемге көзқарастың ғылыми жаратылыстану аспектілері, ғылыми атеистік тәрбие, әлемге көзқарастың танымдық аспектілері қалыптастыруға шешім қабылдау.
4.Курстың академиялық саясаты:
- оқытушы өзінің іс-әрекетін жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырады;
- қарым-қатынас стилі – демократиялық, оқытушы білім алушылардың дара ерекшеліктерін ескереді;
- оқытушының білім алушыға талабы кәсіби этикаға негізделіп позитивті сипатта болуы тиіс;
- оқытушы және білім алушылары әрбір аудиториялық сабаққа күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес алдын ала дайындалады;
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті түрде қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақтан себепсіз қалу 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |