Жылдамдығы кемінде 0,5 Мбит/сек. болатын интернет-арнаның болуы.
Microsoft 365 платформасында оқытушының өз суреті қойылған жеке аккаунты және корпоративтік поштасының болуы.
Сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қатысу міндетті.
Курстың сипаттамасы:
2.1 Курс бакалавриат студенттеріне арналған.
Курс шеңберінде студент тарих тағылымын, тәжірибесін қолдануды игереді.
Тарих саласындағы негізгі білім мен дағдылар, сонымен қатар тарих ғылымының әдістері ұсынылады.
2.2 Курстың қорытынды кезеңі мемлекеттік емтихан болып табылады.
Студент курсты аяқтағаннан кейін білу, түсіну, талдау (анализ), жинақтау, (синтез), бағалау және шығармашылық қабілеттерін көрсетуі қажет, сонымен қатар креативті жаңа идеяларды, жобаларды ұсына білуі керек.
2.3 Курсты аяқтағаннан кейін студент төмендегідей білім дағдыларын игеруі тиіс:
дереккөздік құжаттарды контент талдау, өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;
әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;
Қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру;
еліміздің ішкі және сыртқы саясатының басымдық бағыттарын білу арқылы ой қорытуға қол жеткізу;
Отан тарихының өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жазу, оқу-зерттеу жобаларын, ғылыми баяндамалар дайындау;
проблемалық тақырыптар бойынша ойын еркін жеткізуге және талқылауларға қатысып, өз пікірін дәйекті дәлелдеп, қорғай білу.
Студент курсты аяқтағаннан кейін:
проблемалық көзқарас негізінде, тарихи дамудың жалпы заңдылықтарын талдау арқылы ХХ ғасырдың бас кезінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы кезеңдерін, мазмұнын және мәнін ашуды;
қазақ ұлты мен мемлекеттілігінің қалыптасу үдерісінің басты бағыттарын ашуды;
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуындағы жетістіктері мен қарама-қайшылықтарын анықтауды;
тәуелсіздіктің қалыптасу жағдайындағы өтпелі қоғамдағы тарихи үдерістердің негізгі заңдылықтарының мазмұнын зерделеуді;
мемлекеттік тәуелсіздіктің саяси-құқықтық негізін құрайтын құжаттарды;
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың егемен мемлекетті нығайтудағы, еліміздің халықаралық қауымдастықтағы лайықты орнын анықтаудағы тарихи рөлін көрсетуді;
мемлекет эволюциясын және оның тәуелсіздік кезеңіндегі институттарын қарастыруды;
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформалау үдерістерінің барысы мен нәтижелерін және экономикалық қуатының өсуін айқындауды;
еліміздің әлемдік және өңірлік қоғамдастыққа халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретіндегі кіру үдерісін ашуды;
Қазақстан халқының көпұлтты құрамының қалыптасу үдерісі мен күштеп көшірілген халықтардың тағдырын көрсетуді;
студенттер ғылыми негізде азаматтық ұстаныммен, мемлекеттің ішкі өміріндегі оқиғалар мен халықаралық қатынастарды зерделеуді білуі тиіс.