Сабақтың кезеңдері.
|
Мұғалімнің іс әрекеті мен тапсырмалар.
|
Оқушының әрекеті.
|
1.Ұйымдастыру.
|
Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Топқа бөлу - смайлик арқылы
«Емен»- тобы.
«Ешкі» -тобы.
|
Сынып ережесін еске түсіру.
Ашық сабаққа бір- біріне тілек айтады. (сәттілік тілейді)
-Бір-біріне қарап:
Қайырлы күн, досым,
Ісің сәтке толсын,
Кілең бестік болсын!
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. ОүБ \ОБ
Мәтінді оқыту.
Бағалау кестесімен жұмыс.
|
Үй тапсырмасын тексеру.
Бағалау парағымен бағалаймын.
Форматив жүргізіп отырамын.
|
Тізбектеп оқиды.
Қайталап оқиды.
Жеке оқиды.
|
3.Өткенді қайталау.
|
Оқушылар өтілген әріптер бойынша топпен жарыса отырып сөздер айтады.
|
Алма, орамал, тал, сағат, шана....
|
4.Қызығушылығын ояту.
Жаңа сабақ.
|
Ертегі айту: Ертеде бір емен ағашы жайқала өсіп тұрыпты.Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп жайғасыпты.Ешкі шаршаған, қарны ашқан еді.Ол жапырағын жемек болады.
-Емен, сені жұрт көп мақтайды, мықты ағаш деп. Қане мықтылығыңды көрсетші?
-дейді ешкі.
Ойын: «Жапырақ жинау», арқылы біз еменнің мықты екенін көрсетеміз. Жапырақтың артында сұрақтар бар, соған жауап бере алсаңдар емен ағашына көмектесе аламыз.
|
Сұраққа жауап беру:
1.Дыбыс,әріп дегеніміз не?
2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Ешкі сөзін буында, неше буын?
4.Көрші сөзін буынға бөл?
5.Еменге ешкі не деді?
6.Е-дыбысынан басталатын сөз айт.
7.«Етік» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
|
Кітаппен жұмыс.
Сергіту жаттығуы.
|
-Ендеше , емен, ешкі сөздері қандай дыбыстан басталадыекен?
Міне ,балалар, бәріміз еменге көмектесе алдық, ағаштарға үнемі осылай қамқор болып жүріңдер!
Мәтінді оқытамын.
Бүгін біз Ее-дыбысы мен әрпімен танысамыз.Ее-дыб-дауысты дыбыс.
|
Ее-дыбысынан басталады.
Ойын: Ее-дыб басталатын сөздер
айтқызу:ел, емен, ет....
2-топ кезектесіп айтады.
Жоғары қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға қарап,
Егеменді ел көрдім.
|
5. «Ой қозғау»
|
-Ал, балалар, Егеменді ел дегеніміз не?
Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы айту.
-Е дыбысы әндетіліп еш кедергісіз айтылып тұр, ұзақ айтылып тұр.Демек Е-дыбысы дауысты дыбыс. Жіңішке дауысты
Қандай түске боялған?
Музыкамен тапсырма орындау.
|
-Өз еркіндігімізді алып, Қазақстан мемлекетін құру.
хор: «Менің елім» (мәнерл.өлең)
Қызыл түске боялған.
«Емен»тобы, «Ешкі» тобы.
1.қызыл түс. 2.көк түсті жапсыру
|
Дәптермен жұмыс.
Ойын: «Жоғалған әріптер»
|
Жазу үлгісін көрсетемін. Тақтаға жазамын.
Ауаға бірге жазып көрсетемін.
№2 жұмыс дәптерге жазу үлгісін жазу.
тапсырма орындау:
Ң Р Қ Л Т С
А
|
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Көлбеу етіп қояйық,
Көркем етіп жазайық.
|
6.Сабақты бекіту.
Сәйкестендіру.
Шығармашылық тапсырма:
«Постер»әдісі.
|
Есік жегеді.
Етік өседі.
Есек киеді.
Емен ашылды.
|
Сәйкестендіру.
«Ешкі» тобы ешкі суретін бояйды.
«Емен» тобы еменнің суретін бояйды.
|
7.Сабақты қорыту.
Рефлексия.
Бағалау.
|
Ойын: «Кім тапқыр?» тақтадағы сурет б\а әр бала сөз тіркесін құрайды.
Ойын: «Адасқан сандар мен әріптер»
-Бүгінгі сабақты меңгергендеріңді байқау кезінде «Жарайсың» сөзі шықты.
Бүгінгі сабақты жақсы меңгергендеріңді немесе түсінбегендеріңді жапырақша жапсыру арқылы білемін. Жасыл жапырақ-тамаша түсіндім, ал сары жапырақ түсінбегендеріңді білдіреді.
Бүгін қандай әріппен таныстық?
Сабақтан алған әсерлерің қандай?
Мақтау, мадақтау арқылы форматив жүргіземін.
|
1 2 3 4 5 6 7 8
ж р а а ы й с ң
Балалар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көңіл-күй арқылы білдіреді.
Білім ағашына апарып жапсырады.
|