Сын есім (the Adjective) де қазақ тіліндегі секілді анықтамаға ие, яғни, заттың сипатын, сынын, сапасын білдіреді. Мысалы: deep sea – терең теңіз, fresh air – таза ауа. Сын есімнің екі түрі



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі19,2 Kb.
#84108
1   2   3
Байланысты:
13,10,20
ҰБТ 2021 ФИЗИКА КОНТЕКСТ 100%, соч10 2 ток, 10 сынып 2-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсырмалары I н, 10 сынып 2-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсырмалары I н, 2вариант
Сын есімдердің түрленуі

Бір буынды сын есімдердің салыстырмалы шырайлысына -er жалғауы, ал асырмалы шырайлысына -est жалғауы жалғанады. Асырмалы шырайдағы сын есімнің алдына кей жағдайларда the артиклі қойылады (the oldest man in our town (біздің қалашықтағы ең қарт кісі), my the newest socks (менің ең жаңа шұлығым)).

Соңы -y әрпіне бітетін бір буынды сын есімнің соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді.

Жай шырай Салыс-лы шырай Асырмалы шырай
(Normal form) (Comparative form) (Superlative form)
small (кіштентай) smaller (the) smallest
clean (таза) cleaner (the) cleanest
new (жаңа) newer (the) newest
dry (құрғақ) drier (the) driest
old (ескі, үлкен) older (the) oldest
elder (the) eldest
long (ұзын) longer (the) longest
big (үлкен) bigger (the) biggest
fat (семіз, қабақ) fatter (the) fattest
Мысалы:
Abai is smaller than me – Абай менен кішілеу (кішірек). Ескерту! Бұл сөйлемде бойының кіші екендігін айтып жатыр.

This book is the newest of all the books – Мына кітап – барлық кітаптардың ішіндегі ең жаңасы.

Егер сын есімнің соңында жалғыз ғана дауыссыз тұрса, оның алдында тұрған дауысты да жалғыз болса, онда, салыстырмалы және асырмалы шырайларда соңындағы дауыссыз екі еселенеді (bigger, fatter).
Old сөзінің салыстырмалы және асырмалы шырайлы түрлерінде асты сызылып көрсетілген екі сөз (elder, the eldest) бар. Elder және the eldest екеуінен басқа older және the oldest деген сөздерден мағыналық жағынан ерекшеленеді. Біз older мен the oldest дегендерді адамдар мен заттарға қатысты қолданамыз. Мысалы: My book is older than yours (your book) – Менің кітабым сеніңкінен (сенің кітабыңнан) ескірек. That woman is oldest theacher in our school – Анау әйел – біздің мектептегі ең қарт мұғалім.

Elder және the eldest екеуі отбасындағы туысқандық қатынастарды сипаттауға арналған. Бұл екеуін зат есімдерге қодана алмаймыз. Мысалы: My elder brother can’t dance – Менің үлкен ағам билей алмайды. Zhanar is my eldest sister – Жанар – менің ең үлкен әпкем.

…………………………………………………………………………………………

Кейбір екі буынды сын есімдердегі екпін екінші буынына түсетін болса немесе -y, -ow, -er, -le жалғауларына аяқталатын болса, ондай сын есімдер де бір буынды сын есімдер секілді түрленеді.

Жай шырай Салыс-лы шырай Асырмалы шырай
(Normal form) (Comparative form) (Superlative form)
polite (сыпайы) politer (the) politest
sunny (күн шуақты) sunnier (the) sunniest
easy (оңай) easier (the) easiest
shallow (ұсақ) shallower (the) shallowest
narrow (тар) narrower (the) narrowest
clever (ақылды) cleverer (the) cleverest
simple (қарапайым) simpler (the) simplest
Мысалы:
I’m not cleverer than Azat – Мен Азаттан ақылдырақ емеспін.

Sara is the politest girl in my group – Сара – біздің топтағы ең сыпайы қыз.

…………………………………………………………………………………………

Жай шырай Салыс-лы шырай Асырмалы шырай
(Normal form) (Comparative form) (Superlative form)
important (маңызды) more important the most important
interesting (қызықты) more interesting the most interesting
difficult (қиын) more difficult the most difficult
careful (сақ, ұқыпты) more careful the most careful
Мысалы:
This task is more difficult than last one – Мына тапсырма соңғысынан (соңғысына қарағанда) қиынырақ.

The most careful man does not injure himself – Ең ұқыпты кісі өзін жараламайды.

!!! Салыстармалы шырайда да асырмалы шырайда да ерекше жолмен жасалатын сын есімдер бар. Олардың салыстырмалы және асырмалы шырайлардағы түрлері негізгі (түбір) сын есімге (жай шырайдағы түріне) мүлдем ұқсамайды.

Normal form Comparative form Superlative form
good (жақсы) better the best
bad (жаман) worse the worst
much, many (көп) more the most
little (кішкентай) less the least
far (алыс, қашық) farther the farthest
further the furthest

Мұндағы farther және the farthest сөздері тек кеңістіктегі ара қашықтыққа (дистанция) қатысты қолданылады. Ал further және the furthest сөздері кеңістіктегі ара қашықтыққа қатысты және уақыттағы ара қашықтыққа (айырмашылық) қатысты да қолданыла береді.
Мысалы: Furthest star system – Ең алыстағы жұлдыз жүйесі. The furthest time zone from Shymkent is Managua (capital of Nicaragua) – Шымкенттегі уақыт зонасынан ең қашық уақыт зонасы – Манагуа (Никарагуаның астанасы). Шымкент пен Манагуадағы уақыт айырмашылығы – 12 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет