Сынақ сұрақтары: Этнопедагогиканың зерттейтін мәселесі, мақсаты



Дата10.05.2020
өлшемі28,75 Kb.
#66938
Байланысты:
etnoped zachet


Сынақ сұрақтары:

  1. Этнопедагогиканың  зерттейтін мәселесі, мақсаты

  2. Этнопедагогикалық ойлардың тарихы

  3. Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі талаптары

  4. Құрсақ және бесік тәрбиесінің ерекшеліктері

  5. Жаңа заман туғызған салт-дәстурлердің тәлімдік мәні

Сынақ жауаптары:



  1. Этнопедагогика - халықтың жасөспірім тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы, тұрмыс, отбасы, ру, тайпа, ұлт педагогикасы туралы ғылым.

Этнопедагогиканың мақсаты – жетілген тұлғаны тәрбиелеу, оның дамуы ақылмен, еңбексүйгіштікпен және ізгілікпен жүзеге асады.

Міндеттері:

•халық педагогикасының ерекшелігін, оның пайда болуын, дамуын, казіргі жағдайын, оның халық өміріндегі орнын және оның адамзаттың педагогикалық мәдениетінің дамуындағы рөлін зерттеу;

•халық тәрбиесінің негізгі категорияларын және заңдылықтарын анықтау;

•ұлттық мінездің қалыптасу процесін зерттеу, оны этникалық кауымдастыққа тән тәрбие жүйесінің әсерінің нәтижесі ретінде қарастыру;

•халық педагогикасының педагогикалық ғылыммен байланысын анықтау;

•халықтық педагогикалық мәдениетінің ерекшелігін талдау.

Халық педагогикасын зерттеуге орасан үлес қосқан ғалым-педагог Г.Н. Волков халық педагогикасына анықтама беріп қоймай, педагогикалық әдебиеттерге ең бірінші болып “этнопедагогика” деген ұгымды енгізді. Оның анықтамасы бойынша, «Халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салттарында, әдет – ғұрыптарында, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі сақталып қалған білім, педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Бұлар, әдетте, ауызша таралады. Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсатының, міндеттерінің, мазмұнының, әдіс-құралдарының, тәсілдерінің жиынтығы мен өзара байланысы дей келе» … бұл білім мен мағлұматтар, әдетте, ауызша таралады. Оның зерттеу тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие объектісі – адам, тұлға – дейді.

Этнопедагогика - әлеуметтану және білім беру саларын зерттеудегі бағыт. ХХ ғ. екінші жартысында этнологиялық және психологиялық-педагогикалық ғылымдарының тоғысындағы пәнаралық бағыт ретінде қалыптасты.


  1. Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.

«Қорқыт ата кітабы» — түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. «Қорқыт ата кітабының» бір қолжазбасы Германиядағы Дрезден қаласында, екінші қолжазбасы Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба 6 жырдан құралган (жалпы толық қолжазба 12 жырдан түрады).

Әл- Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні тәрбие заңдылықтары:

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»;

«Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау түрінде де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды»;

«Адамдар туралы айтсақ, оларды қосатын, байланыстыратын дәнекер, тұтқа – адамгершілік болып табылады. Сондықтан адамдар адамзат тегіне жататын болғандықтан, өзара бейбітшілік, татулық сақтауы ләзім».

Әл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні, тәрбиенің мақсаты: «Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек. Ол үшін ақылгөй ұстаз керек».Тәрбиенің мазмұны: адамгершілік, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой, патриоттық, имандылық, дене тәрбиесі.

Мұсылман әлемінде аты әйгілі, орта ғасырлық сопылық әдебиеттің ірі өкілі,

Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды. Оның «Диуани Хикмет» атты екі әлемнің де мән-жайын сипаттайтын туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипатттап ашып көрсетуге арналған. Бұл дүниедегі адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас: мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан сарапталады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат, адамгершілк, мейірім-шапағат, адалдық, ізеттілік жайында сөз қозғайды.

Ахмет Йассауидің «Даналық кітабында» қанағат сезімін үлкен философиялық категория ретінде қарастырады. Ақын қанағатсыз жандарды, яғни нәпсісін тыя алмаған адамдарды тойымсыз итке, не ұлып қайтқан итке теңейді. Қанағат жайындағы мұндай теңеу мен түсінік кейбір қазақ ақындарының жырларынан өзінің дәстүр жалғасын тапты. Ахмет Йассауи нәпсі қүмарлықты, көрсеқызарлықты, құлқын-құмарлықты адам табиғатына жат қасиеттер ретінде сипаттап көрсетеді. «Диуани хикметте» адамға қажетті қанағат сезіміне мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екендігін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады.

3. Балалар тәрбиесіне, келерұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген ғой. Өйткені бала – біздің болашағымыз. Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» - дейді халық. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы, отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек. Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса, өскенде сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз. Тәрбиенің түп тамыры – ұлтты қадірлеу, ұлттық әдет-ғұрыпты дамыту, ұлттық дәстүрді жандандыру, ұлтаралық достық қарым-қатынасты нығайтуға үйрету. Сабақ та, тәрбие де осы бағытта болса ғана баланы ортаға қарап тәрбиелеген боламыз, сонда ғана оның адамгершілігі қалыптасады. Адамды құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.

Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет – қылығына педегогикалық ықпал жасаудың мақсатты жөн-жосығы, жолы.

Қазақ халқының тағы бір нақылы «Ата балаға сыншы» дейді. Әр әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін, яғни қандай іске, өнерге бейімділігін ерте аңғарып, шамасы келгенше әрқайсысының бойындағы табиғи қасиетін дамытуға тырысатын. Мәселен, сөз ұғарлық ойлы болса, ел адамы етуді көздеп, жақсыларға жанастыратын, ән мен күй өнерінің нышаны болса, өнер қуған сал – серілерге ертеді, ал шаруа қуарлық қана мүмкіндігі болса, үй шаруасының тізгінін беріп соған меңзейтін. Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетін, үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынасатын түсіндіріп отыруды өзінің парызы деп біледі. Балаларын да осыған баулып, әркім өзінің ата-тегі туралы әңгімелеуді, оның өнегелі жақтарын уағыздауды дұрыс деп біледі.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс салт-дәстүрлері, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш үлкен топқа бөлінеді.

Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет тойы .....бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы – жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.

Ұрпақ тәрбиесі –келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемлекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген «сегіз қырлы, бір сырлы» абзал азамат өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы ой-арманы болып келді.Осы арман дене, ақыл-ой, адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің түрлері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа заманалар бойы халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда марапатталып, сіңіріліп, іске асырылып отырды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып-халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениетінің арқылы, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің жемісін үзбей халқымыздың асу мұрасы ретінде бағалап, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс. Салт-дәстүрлер әңгіме етілсе қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері сөз болады. Ол бірнеше бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімде баланың дүниеге келуінен ат жалың тартып, мініп, отау тігіп азамат болуына дейінгі аралықтағы салт-дәстүрлер. Халықтың тіршілік тынысы төрт түлік мал өсіру мен егіншілік, балықшылық, аңшылық кәсіптерге үйретудің әдіс-тәсілдері.

Келесі бөлім «әлеуметтік-мәдени» салт-дәстүрлер деп аталады. Онда қазақ ауылдағы адамдардың туыстық-отбасылық, қарым-қатынасы, шешендік дәстүрмен ән-күй үйлену рәсімдері, қонақ күту, ұлттық мейрамдар мен ас беру баяндалады.

Дәстүр, салт қашанда адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Барлығымызға белгілі Ұлыстың Ұлы күні мерей тойында көбінесе салт-дәстүрлерді еске түсіру және қазіргі салт-дәстүрлерді тамашалау мен өтеді.

4.Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесік - сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалықты, қазақ атасы жатқан бесікке бала, немер, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді.

Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайынан құлағына құйып өскен тағылымының бірден - бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры. Сәби тәрбиесі мен мінез - құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек.

Қазақтар жас сәбиді бесікке салуды қуаныш етіп, тойлап өткізген. Онда айтылатын өлеңдерден жас баланың дені сау, ер - азамат болып өсуін халықтың тілейтіндігі де көрініп отырады. Кейіннен, бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой - арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды.

Бесік жыры — тұрмыс - салт жырларының көне түрінің бірі. Бұл – әлемдегі ең тәтті, ең жұмсақ, ең сүйікті әуен. Ұлы Абай: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар»,-дей келіп, «Жүрек тербеп оятар, басты, миды»,-деп, бесік жырының мәні мен маңызына көңіл бөлуді меңзейді .Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ десе де болады және бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Тіпті, кейбір елдерде ана өз баласына арнайы бесік жырын шығару керек, ал сәби оны өле - өлгенше жеке әні деп қабылдап, сақтауы керек.



Бесік қазақ халқының ең бір қадір, қасиет тұтқан дүниелерінің бірі. Себебі бесікте дүниеге келген сәби, ұлт келешегі ұрпақ тәрбиеленіп өседі. Қазақта «Бесіктен белі шықпаған, Бесік ұрған, Тал бесікте тәрбие алған, Мектебім алтын бесігім, Бесігінен қағынған т.с.с» — сөз тіркестері жиі кездескен.

5.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет