8 - дәріс
. Сынақ зертханалары (орталықтары), олардың функциялары. Сынау
зертханасы (орталығы)
өздігінен ұйым және заңды тұлға дәрежесіне ие, әлде сәйкестікті
растау бойынша органның немесе басқа заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола
алады. Орталықтың
негізгі мақсаты
нақты өнімнің сынауын немесе нәтижелердің
анықтылығын және обьективтілігін қамтамасыз ететін стандартты әдістемелерді
пайдалану арқылы сынаудың нақты түрлерін жүргізу болып табылады. Зертхана сынау
хаттамаларын ҚР МСЖ НҚ орнатылған қалпында рәсімдейді. Қызметтер мен сапа
жүйелерін сертификаттау жүйелері сынау зертханаларының сертификаттау процесінде
қатысуын қажет етпейтінін білген жөн. Олардағы сәйкестікті бағалау бойынша барлық
тәжірибелік жұмысты сертификаттау жөніндегі орган жүзеге асырады. Сынау
зертханалары сертификаттау жөніндегі органға бағынады. Сертификаттау жөніндегі
органның біреуінде сынаудың әр түрімен айналысатын бірнеше зертханалары болуы
мүмкін. Сертификаттау жөніндегі орган және оның зертханалары әдетте бір заңды тұлға,
яғни фирма немесе кәсіпорын болып табылады.
Негізгі талаптар
: тәуелсіздік,
алаламайтындық, дербестік және техникалық құзырлық.
Тәуелсіздік
үшінші тұлға
дәрежесімен анықталады.
Алаламайтындық
қызметте сынауларды жүргізу, шешімдер
қабылдау және сынау хаттамаларын толтыру кезінде айқындалады.
Дербестік
сынау
зертханалары және олардың қызметкерлері қорытындыларға немесе бағаларға әсер етуге
қабілетті коммерциялық, қаржылық, әкімшілік не басқа да қысымға ұшырамауы
керектігінде анықталынады.
Техникалық құзырлық
ұйым мен басқарманың сәйкес келуші
құрылымымен, білікті қызметкерлердің, сынау үшін бөлме мен жабдықтардың, сапаны
қамтамасыз ету жүйесінің құжаттарын қоса, сынау әдістері мен процедураларға
нормативті құжаттардың бар болуымен расталады.
Талаптарға сәйкестік
сынау
зертханасын аккредиттеу кезінде тексеріледі. Сертификаттау жүйесі өнімді сынауға тек
аккредиттелген зертханаларды жіберуді қарастырады.
Сурет 11. Сынау зертханасының типтік сұлбасы
Сынау зертханаларына қойылатын жалпы талаптар. Осы стандарт Қазақстан
Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде, тіркеу жүйесінде (бұдан әрі -
жүйе) тіркелген сынау зертханаларына (орталықтарына) және тіркеуде қолданылатын
бланкілер нысандарына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Стандарт:
- сертификаттау органын тіркеуге дайындауда және тіркеу жүргізуде;
Басшы
Сапа жүйесін
қамтамасыз етуге
жауапты қызметкер
Секретариат
Сынау бойынша
басшының орынбасары
Сынау бойынша мамандар тобы
№ 1
№ 2
.....
№ n
- сертификаттау органы сапа жүйесінің қызмет еткенінде және аудит жүргізуде;
- сертификаттау органының қызметіне мемлекетгік бақылау жүргізуде қолдану үшін ар-
налған.
Осы стандарттың талаптары міндетті болып табылады. Осы стандартта келесі
стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:
ҚР СТ 7.0-99;Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі ережелер.
ҚР СТ ИСО 9000-2001 Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.
ҚР СТ ИСО 10013-2001 Сапа туралы басшылықты дайындау жөніндегі жетекші
нұсқаулар.
ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2001 Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыретіне
қойылатын жалпы талаптар.
Осы стандартта ҚР СТ 7.0 келтірілген терминдер қолданылады. Оларға қосымша келесі
терминдер мен олардың аныктамалары пайдаланылады.
Тіркеу (зертхана) - Нақты сынауларды немесе сынаулардың нақты түрпаттарын
жүзеге асыруына сынау зертханаларының кұкықтылығын өкілетті мемлекеттік
органдардың ресми мойындауы.
Сынау - Бслгіленген процедураға сәйкес осы өнім, процесс немесе қызметтің бір
немесе бірнеше сипаттамаларын белгілеуден тұратын техникалық операция.
Сертификаттык сынаулар - Белгіленген талаптарға өнім сипаттамалары, өндірістік
процестер, жұмыстар, қызметгер сәйкестігін анықтау мақсатымен, тіркелген сынау
зертханалары жүргізген сынау. Сертификаттық сынауларға арналған үлгілер - Белгіленген
талаптарға сәйкестігіне ссртификаттак сынауларды жүргізуте арналган өнім бірлігі, оның
бөлігі немесе сынамасы.
Сынау әдісі - Сынау жүргізудің белгіленген техннкалық ережелері.
Сынау хаттамасы - Сынау нәтижелері және сынауға жататын басқа ақпараты бар
құжат.
Сурет12. Зертханадағы сертификаттау сынақтары процестерінің құрылымы
Зертханааралық салыстыру - Жүргізетін сынаулар сапасын және олардың
нәтижелерінің растығын бағалау мақсатымен, алдын ала белгіленген шарттарға сәйкес екі
немесе бірнеше зертханалар сол бір немесе үқсас объектілерді сынауы.
Сынау жүргізудің сапасын тексеру
-
Зертханалар ішіндегі немесе зертхана аралық
салыстыру жағдайларында осы зертхананың сенімді нәтижелерді беру қабілетін белгілеу.
Тіркеуге дайындау - Шарт негізінде тіркеуге дайындау жөніндегі органдармен
орындалатын тіркеуге сынау зертханаларының (орталықтарының) дайындығын анықтау
жөніндегі бағасы.
Терминдер мен олардың анықтамалары ҚР СТ ИСО 9000 сәйкестеледі.
Сынау зертханаларын (орталықтарды) (бұдан әрі - зертханалар) тіркеуді стандарттау,
метрология жәнс сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекетгік орган- Қазақстан
Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және
сертификатгау жөніндсгі комитеті (бұдан әрі-Мемстандарт) жүргізеді.
Зертханаларды тіркеу қызметтердің белгілі салаларында сынау зертханалары
(орталықтары)
ретінде
жүмыстарды
жүзеге
асыруға
оның
кұқықтылығын
Мемстандарттың
Сынауға тапсырыс
Сертификаттау органынан
Өнім өндірушіден немесе
өнімді сатушыдан
Үлгілерді басқару
Бұйым үлгілерін таңдаудың
әдістері мен құралдары
Сынауға дейінгі сәйкестендіру
мен заттаңбалау
Тапсырысты табыстау
Сынау хаттамасы
Бұйым үлгілері (келісім-
шартпен келісілген болса)
Сынауға дайындық
Тапсырыс берушінің
талаптарын талдау
Сынау құралдары мен
әдістерін таңдау
Сыналатын үлгілер мен
құралдарды дайындау
Сынау жағдайларын
тексеру
Үлгілерді басқару
Сынаудан кейінгі
сәйкестендіру мен
заттаңбалау
Үлгілерді сақтау мен жою
Сынау хаттамасын
толтыру
Сынақ
Сынақ жағдайлары мен
нәтижелерін тексеру
және тіркеу
Сурет 13. Зертхананы тіркеуге өтініш нысаны
ресми мойындауы болып табылады. Техникалық құзыреттілік және зертханалық
тәуелсіздік немесе тек біркелкі өнімдердің нақты түрлеріне және (немесе) сынау
түрлеріне сертификаттық сынау жүргізген кездегі техникалық құзыреттілік ресми
мойындалуы тиіс.
Тіркеуден өтуге ықыласын білдірген, Қазақстан Республикасы тіркеу жүйесінің
нормативтік күжаттары және осы стандарт талаптарына сәйкес, оньщ салалық жатуына
және меншіктік нысанына тәуелсіз кез келген зертхана тіркелуі мүмкін.
Заңды тұлға болып табылатын зертхана техникалық құзыреттілікке және
тәуелсіздікке тіркелуі тиіс. Заңды тұлға қүрамына кіретін зертхана тек техникалық
күзыреттілікке тіркеледі. Техникалық қүзыреттілікке тіркелген зертханаларда өнімдерге
сынау жүргізу, оларды жүргізуге зертханаларға тапсырма берген, сертификаттау
жөніндегі орган өкілі қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда сынау хаттамасына
қосымша сертификаттау жөніндегі орган өкілі қол қояды.
Сертификаттау жөніндегі органдардың құрылымдық бөлімшелері болып
табылатын зертханаларда сертификаттық сынауларды жүргізген кезде сертификаттау
жөніндегі орган өкілі болуы және оның сынаулар хаттамасына қол қоюы қажет емес.
Техникалық құзыреттілікке және тәуелсіздікке зертханаларды тіркеген кезде оган
А қосымшасы нысаны бойынша, техиикалық кұзіреттілікке тіркеген кезде Б қосымшасы
нысаны бойынша үш жылдық мерзімге дейін тіркеу куәлігі беріледі. Тіркелген
зертхананың әрекет ету саласы нысаны В қосымшасында берілгендей тіркеудің бекітілген
саласымен анықталады. Тіркелген зертхана өз қызметін тіркеу саласына сәйкес (В
косымшасы), күші бар заңдарға, тіркеу жүйесінің нормативтік қүжаттарына және
белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында қолдануға бекітілген немесе
мойындалған басқа нормативтік қүжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Тіркелген
зертхананың міндеттері мен құқықтары осы стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Г
қосымшасының нысаны бойынша ережелермен белгіленеді.
Тіркелуге өтініш, зертхана паспорты, анкета-сауалдама, тіркелу аттестатының
әрекет етуін қалпына келтіруге өтініш осы стандарттың Д,
Е,
Ж, И косымшаларында
ұсынылған нысандар бойынша ресімделеді
Осы стандарт талаптары нақты зертханаларды тіркеуге дайындаған кезде
қызметтердің ерекшелігін ескеріп, басқа талаптармен толықтырылуы тиіс.
Ұйымдастыру және басқаруға қойылатын талаптар. Тіркелген зертханалар және
олардың қызметкерлері қаржылық, әкімшілік және орындалатын жүмыстардың
нәтижелеріне әсер ететін басқа қысымға салынбауы тиіс. Зертханада:
- әр қызметкерге нақты кызметтер сапасын қамтамасыз ететін ұйымдастыру
құрылымы және оның өкілеттік шектері, міндеттері мен жауапкершілігі;
- сынау жүргізуге байланысты барлық техникалық мәселелерді орындауға жауапты
тұлға;
- зертхана саласының жүйесінде қызмет етуге жауапты тұлға болуы тиіс.
Сапа жуйесіне койылатын талаптар. Зертханада тіркеу саласына, орындалатын
жұмыстар көлеміне, тұрпатына сәйкес сапа жүйесі болу тиіс. Осы жүйенің элементі ҚР
СТ ИСО 10013 ұсыныстары ескерілген Сапа жөніндегі жетекшілікке кіруі тиіс.
Сапа басшылығына:
- сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды;
-қызметкерлер бағыныстылығын көрсететін зертхананың ұйымдастыру
сызбасын;
- міндеттер мен жауапкершілікті бөлісуді;
- сапаны қамтамасыз етудің жалпы процедурасын;
- әр сынақ жүргізген кезде сапаны қамтамасыз ету процедурасын;
- сынау нәтижелері сапасын ішкі жедел және статистикалық бақылау әдістерін
(жинақтылық, көбейтулік, дұрыстық және дәлдік);
- стандарттың үлгілерді қолдану туралы мәліметтерді (үлгілі заттар-ды, бақылау үлгілерді
және т.б.}, егер бұл қажет болса;
- сынау процестерінде сәйкессіздікті тапқан кезде кері байланысты ұйымдастыру және
түзету әрекетін;
- сапа жүйесі қызметіне ішкі тексеру жүргізу тәртібін;
- нормативтік қүжаттар коры туралы мәліметтер және қорды жүргізу процедурасы мен
оны көкейтесті ету тәртібін;
- өлшеу құралдары мен сынау жабдықтарын есепке алу тәртібі және тексеру (куәліктеу)
қамтамасыз етуді;
- өнім үлгілерінің түсуін тіркеу және өнім үлгілерінің өту процедура-сын;
- шағымдарды қарау процедурасын;
- құжаттарды есепке алу жоне сақтау тәртібін;
- тіркеу куәлігінің күшін тоқтатқан (жойған) жағдайда қызметті тоқ-тату процедурасып;
- өзгертулерді тіркеу парағы және сапаны басқару кркаттарьгаа өзгертулерді енгізу
және тіркеу тәртібін. кіргізуі керек. Сапа жөніндегі басшылыкты жүргізетін түзсту
әрекетінің үнемі тиімділігін қамтамасыз ету максатымен дүкін көкейтесті етеді. Сапа
жүйесін ішкі тексеру және түзету әрекеті тіркеледі және қызметкерлерге хабарланады.
Сынау жабдықтарына және өлшеу қүралдарына койылатын талаптар. Зертханада етінілген
тіркеу саласына, қолданылатын сынау әдістері-нін нормативтік құжаттарына сәйкес тірксу
жабдықтарымен, өлшеу құралдарымен, соның ішінде стандарттық үлгілері және шығыс
материалдарымен жабдықталуы тиіс. Зертхана күші бар заңдарға сәйкес. басқа
мекемелердің куәліктелген жабдықтарын және салыстырып тексерілген өлшеу
құралдарын жалдау шарттарында пайдалануға құқығы бар. Сынау жабдықтары мен өлшеу
құралдарын ұстау жағдайы мен тәртібі оларға құжаттар талаптарына және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік
қужаттары талаптарына сәйкес болуы тиіс. Пайдалану және техникалық қызмет көрсету
кұжаттамаларына қызметкерлердің қолы жететіндей болу керек. Бұзылған және
сынаулардың күдікті нәтижелерін беретін жабдықтар мен өлшеу құралдары айналымнан
алынуы және жарамсыздыгы көрсетіліп, тиісті түрде заттаңбалануы керек. Ондай
жабдықтар мен өлшеу құралдары арнайы берілген орында сақталуы тиіс немесе арнаиы
қолдану мүмкіндігін жою тәсілімен мөрленуі керек. Жабдықты және оның техникалық
күйін есепке алу мақсатымсн арнайы журналда келесі мәліметтер тіркелуі тиіс:
- атауы, түрі, тұрпаты (маркасы);
- дайындаушы кәсіпорын (фирма), зауыт және инвентарлық нөмірі;
- пайдалануга алынған және іске қосылған күні;
- алынған сәтттегі күйі (жаңа, пайдалаиуда болған, жөндегеннен кейін және т.б.);
- түрган жері (қажет болса);
- жөндеу, техникалық кызмет көрсету және тексеру туралы мәліметтер.
Мөлшерленген дәлдікпен әсер ететін факторларды қалпына келтіретін сынау
жабдықтары мен өлшеу құралдарының әр бірлігінде салыстыра тексеру (таңба) немесе
метрологиялық куәліктеу туралы күші бар сертификаты болуы тиіс. Жабдықта соңғы
салыстырып тексерілген күні және болжалданған салыстырып тексеру күні көрсетіліп
затгаңба жабыстырылуы тиіс.
Қоршаған орта және бөлмелер жагдайларьша қойылатын та-лаптарСынаулар
жүргізетін қоршаған орта жағдайлары сынаулар нәти-желері сенімділігін және өлшеудің
мелшерленген қателігін қамтамасыз етеді.
Сынаулар жүргізуге арналған бөлмелер сынаулар нәтижелеріне әсер ететін
факторлар әсерінен (бөлме температурасы, шаң, шу, діріл, электромагниттік толқындар
әсері және басқалардан) қоргалынуы, санитарлық-гигиеналық талаптар, еңбек пен
қоршағаи ортаны қорғау қауіпсіздігі ережелері мен мөлшерлсрге сәйкес болуы керек.
Зертханалар бөлмелері инженерлік-коммуникациялық жүйелерімен жабдықталуы тиіс:
сынаулар процедураларын реттемелейтін, нормативтік құжатгар талаптарына сәйкес
сынаулар жүргізгенде қажетті суық және ыстық сумен жабдықталуы, қүбырлар, жылыту,
элекчр жабдықтау, ауа алмасуымен және т.б., Зертхана қызметкерлеріне жатпайтын түлра-
ларды зертхана бөлмелерше кіруге рүқсат ету шарттары анықталған. Зертханада
қызметкерлерге және келушілерге арналған арнайы киім болу керек (қажет болса).
Сыналатын үлгілерді қолдануға қойылатын талаптар. Үлгілерді алу, тіркеу, өту,
сақтау, қайтару (кәдеге жарату) Қазақстан Республикасының МСЖ нормативтік
құжаттары талаптарымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Түсетін үлгілер
белгіленген нысанда іріктеу актісімен сәйкестендірілуі және жөнелтілуі тиіс. Қажет болса,
үлгілермен бірге техникалық және пайдалану құжаттары үсынылады (төлқүжат,
пайдалану нұсқаулары және т.б.). Сынауға үлгілерді сақтау, тасымалдау, дайындау
сатыларында қа-жетті сақтау шартгары қамтамасыз етілуі тиіс.
Құжаттамаға койылатын талаптар. Сынау зертханалары жұмыстарында
найдаланылатыи барлық стан-дарттар, нұсқаулар, анықтамалық деректер және басқа
құжаттар көкейтесті етілуі және қызметкерлердің қолы жететіндей болу керек. Зертхана
улгілерді тіркеу журналы, жұмыс журналы (алдыңғы және соңғы нәтижелерімен), сынау
хаттамаларының көшірмелері, түскен шағымдар мен олар бойынша қабылданған
шешімдердің сақталуын қамтамасыз ету тиіс. Ішкі тексеру және түзету әрекеті туралы
есептеме-лер де сақталуға жатады. Қүжаттарды сақтау мерзімі-үш жыл. Зертханада
құясатгамалар күйіне жауапты тұлғалар тағайындалуы тиіс. Зертхана коммерциялық
құпиялардан тұратын мәліметтердің құпия-лыпығын қамтамасыз етеді.
Сынаулардың әдістері мен процедураларына қойылатын талаптар Зертхана
белгіленген тәртіпте қолдану үшін бекітілгеи немесе қабылданған, стандарттармен және
баска нормативтік құжаттармен белгіленген өнімді сынау әдістері мен процедурасын
пайдалану керек. Осы құжаттардың даналары сынау жүргізетін қызметкерлер өкімінде
болуы тиіс. Өлшеулерді орындаудың стандартталған әдістері жоқ болса Мем-стандартпен
белгіленген тәртіпте метрологиялық куәліктеу мен тіркеуден өткен өлшеулерді
орындау әдістерін колдануға болады. Сынаулар хаттамаларына қойылатын талаптар
Сынау нәтижелері және сынаулар жургізу шарттары зертханада белгіленген нысанда
журналдарда тіркеледі. Сынаулар нәтижелері бойынша хаттамалар ресімделеді.
Сынаулардың әр хаттамасына:
- зертхананың атауы мен мекен жайы, қажет болса, сынауларды жүргізу орны;
. - тіркеу нөмірі және хаттамаларды ресімдеген күні, хаттаманың әр бетінің реттік нөмірі
және беттерінің жалпы саны;
- тапсырушының аты (тегі) мен мекен жайы;
- сыналатын үлгіыі алған күні және сынауларды жүргізген күні;
- сынаулар әдістері мен процедурасының белгісі меи атауы, қажет болса;
- үлгілерді іріктеу процедурасын сипаттау, қажет болса;
- сынаулар немесе процедуралардьщ стандарттық емес әдістерін қол-дануға қатысты
деректер;
- анықталатын көрсеткіштердің атауы мен өлшеу бірлігі, кестелер, бағандар, суреттер
және фотосуреттерді қосып олардың нақты және мөлшерленген мағыналары, қажет болса;
- сынау жүргізу шарттары, қажет болса, (температурасы, ылғалдығы, қысымы);
- өлшеу қателігін атап көрсету (егер қажет болса);
- сынау хатгамасын дайындауға жауапты түлғаның (тұлғалардың) қолы және лауазымы;
- зертхана бастығының қолы;
- тек сынауға салынған үлгілерге таралатын хаттама туралы өтініш;
- зертхана рұқсатынсыз хаттаманы жартылай қайта басуға тыйым са-лу туралы өтініш
кіруі керек.
Сынама хаттамасы сынау әдістерінің нормативтік құжаттарына сәйкес үқыпты,
анық, толық ресімделуі тиіс жөне түрлі мағынада берілуі рүқсат етілмейді. Сынау
хаттамаларын бергеннен кейін түзету және толықтыруды тек жеке қүжат түрінде
ресімдейді, мысалы, "Сынау хаттамаларына толықтырма (тіркеу, реттік нөмірі немесе
басқа белгісі) "Толықтыр-
малар туралы құжаттарда хаттамада бар рубрикалар болу тиіс.
Қосалқы мердігерлІк бойынша орындалатын жұмыстарға қойылатын талаптар.
Зертхана дербес өтінілген тіркеу саласында сынау жүргізуі тиіс. Ерекше жағдайларда
(жабдық қолдануға жарамсыз болса) зертхана сынаулардың бөлігін қосалқы мердігерлік
шарттары бойынша (үш айдан көп емес мерзімге) басқа Қазақстан Республикасының
тіркеу жүйесінде тіркелген немесе мойындалған зертханаға беруіне болады. Қосалқы
мердігерлік жүмыстарын орындау тапсырыс берушімен келісілуі керек. Зертханада
сертификаттык сынауларды жүргізуге қосалқы мерді-гердің қүқығын растайтын
құжаттары болу тиіс, және қосалқы мердігерлік шарггары бойымша орындалатын барлық
жүмыстарды тіркеу керек. Сынаулар хаттамасында қосалқы мердігер алған нәтижелер
анық белгіленуі немесе жеке хаттамамен ресімделуі тиіс. Тапсырыс беруші-зертхана
қосалқы мердігер орындаған жұмыстар сапасына толық жауапты.
Ішкі тексерулер. Зертханалар дүркін, жылында бір реттен кем емес, сапа жүйесі
және осы стандарт талаптарына бұрынғыдай сәйкестігіне көзі жету үшін өз бетінше ішкі
тексерулерді жүргізу керек. Ішкі тексеру бағдарламасы, сынау жүргізу қызметін қоса, сапа
жүйесінің барлык элементін қамтуы тиіс. Тексерулерді тексерген қызметтен осындай
мүмкіндік болғанынан тәуелсіз, дайындалған және білікті қызметкер жүргізуі тиіс.
Тексерулер нәтижелері және олардан шыққан түзету әрекеттері тіркелуі тиіс. Сынау
зертханасы өнімдердің мемлекетаралық және мемлекетгік стандарттардың немесе басқа да
нормативтік күжаттардың талаптарына сәйкестігіне сынаулар жүргізеді. Сынау
зертханасы қүрамындағы қүрылымдық бөлімшелердің барлығы және олардын тәуелділігі
кестеде келтірілген. Өнім үлгілеріне сертификаттық сынаулар және басқа да жұмыстарды
жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекетгік сертификаттау жүйесінің. Тіркеу
жүйесінің ережелері мен процедураларына сәйкес. Сынауларды жүргізудің толықтығы
мен дұрыстығын, нәтижелердің объективтілігі мен сенімділігін камтамасыз ету.
Тапсырушыларға көрсетілетін қызметтердің сапа жүйесінің үзіліссіз қызмет етуін
қамтамасыз ету.
Зертхана:
- жарнамалық материалдарда, басқа да қүжаттарда (сондай-ақ сынау нәтижелері бар
құжаттарда) өзінін Қазакстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде.
Тіркеу жүйесінде тіркелгенін көрсетуге;
- басқа ұйымдармен өзара іс-кимыл туралы шарттар бекітуге;
(егер сынау зертханасы тек кана техникалық күзіреттілікке тіркелген болса, шарт зерхана
құрамына кіретін заңды тұлға атынан бекітіледі)
- стандарттау жөніндегі отандық және халықаралық үйымдардьщ жұмыстарына,
сынауларға, сапасын бағалау мен бақылауға қатысуға;
- тіркелген зертханаларды шетелдіх және (немесе) халықаралық тану жөнінен жұмыстар
жүргізуде Мемстандартқа жәрдемдесуге;
- сәйкес органдардың тапсырысы бойынша импорт және экспортқа шығарылатын
өнімдерге төрелік сынаулар жүргізуге;
-
қалыптасқан тәртіітте тіркеу саласын кеңейтуге;
Сынау зертханасы әрекетіне залал келтіретіндей тапсырушымен шарт (келісім), шарттары
бұзылған жағдайда материалдарды соггық органдарға беруге қақылы.
Сынау зертханасы:
- тіркеу саласы шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі.
Тіркеу жүйесі ережелері бойынша сынаулар жүргізуге және хаттамалар әзірлеуге;
- сынау нәтижелерінің сенімділігін, объективтілігін және талап етілетін дәлдігін
қамтамасыз етуге;
- сертификаттау мақсатыида сүрыптау актісімен ілесілетін нақты сәйкестендірілген өнім
үлгілеріне сынаулар жүргіэуге;
- адамдардын өмірі мен денсаулығын, азамагтар мүлкі мен қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз стетін талаптар бойынша сынаудың теріс нәтижелері туралы ақпаратты
мемлекетгік кадағалаудың сәйкес органдарына жеткізуге;
- тапсырыс берушіге ол үшін өткізіліп жатқан сынауларды бакылауға мүмкіндік беруге;
- сынаулар жүргізудің бекітілген мерзімдерін сақтауға;
- Мемстандарттың тапсырысы бойынша өзінің немесс басқа да зертханалардың
техникалық құзіреттілігін тексеру немесе бекіту үшін бақылау сынауларын жүргізуге;
- қажет болған жағдайда өзара зертханалық салыстыруларды жүргізу үшін сыналатын
өнімнің үлгілерін беруге міндетті. Ұсынылған үлгілер үшін төлеу тараптардың келісімі
бойынша жүзеге асырылады.
-
өзара зертханалық салыстырулар бағдарламаларына қатысуға;
- зертхана әрекетіне мелекегһк бақылау жүргізу үшін қажетті жағдайлар туғызуға;
- сынаулар нәтижесі бойынша ұсынылған келіспеушіліктерді есепке
- өнімді (қызметтерді) сынаулар жүргізуде алынған ақпараттардың қүпиялылығьш
камтамасыз етуге;
- сынау зертханасының заңды статусының, атауыныд, мекенжайы-ның, үйымдастырулық
қүрылымының озгергсндігі туралы уақтылы Мемстандартқа ақпар беруге;
- Тіркеу аттестатының токтатылғаны немесе кушін жойғаны жағдайында Қазақстан
Республикасының мемлекеггік сертификаттау жүйесінің, тіркеу жүйесінің нормативтік
қүжаттарының, және нормативтік құқыктық актілерінің талаптарына сәйкес өнімге
сертификаттык сынаулар жүргізу жөніндегі әрекетін токтатуға міндетті. Жауаптылық.
Зертхана;
- тіркеу жағдайының және (немесе) саласының бұзылғаны;
- дұрыс емес сынау нәтижелерін бергені;
- сынауға қабылданған өнім үлгілерінің сақталуы;
- өнім өтінушілерімен, сертификаттау жөніндегі органдармен, қосалқы мердігерлік
үйымдармен және Мемстандартпен бекітілген шарт жағдайларын өзгерткені үшін
жауаптылық тартады. Зертханаға осы Ережемен жүктелген міндеттер мен
жауапкершіліктердің сапасы мен уактылы орындалуына, сондай-ак үсынылған
құкықтарды пайдаланбағаны үшін жауалтылықты колданыстағы заңнамаға сәйкес
зертхана басшылығы тартады.
Сертификаттау сертификаттау жүйесінде орнатылған сұлбалар бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |