Мағынаны тану сатысы
“Кейіпкер сыры” әдісі бойынша поэмадағы кейіпкерлерге мінездеме беріп, іс-әрекетін даралап айтыңыз.
1
Масғұттың бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерін атаңыз.
Масғұттың ақ және сары жемістен бас тарту себебін айтыңыз. Масғұттың қызыл жемісті таңдаудағы себебі.
2
Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қыдыр ата бейнесін талдаңыз.
3
Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, шығармадағы халық бейнесін ашыңыз.
Дескрипторлар:
кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
автордың кейіпкер сипаттамасы, портретін суреттеуіне дәлелдер келтіреді;
кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды;
1.Масғұттың іс-әрекетіне қатысты және хан мен Масғұттың әрекетіне қандай баға берер едіңдер? (өз пікірлеріңіз)
Достарыңызбен бөлісу: |