Сыныбы: 11- сынып Пәні: Қазақ әдебиеті



Дата04.07.2018
өлшемі19,49 Kb.
#47176
түріСабақ

Сыныбы: 11- сынып

Пәні: Қазақ әдебиеті


Күні:29.09.2015ж.


Тақырыбы:

С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы

Мақсаты:

Оқушылардың С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп, «Қамар сұлу» романының негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.

Міндеті:

1.Роман туралы түсініктері қалыптасады

2.Шығармашылық жұмыс түрлерін орындау арқылы ой-өрістері кеңейеді, сөйлеу тілдері дамиды.

3.Топтық жұмыста белсенділіктері артады, бірін-бірі құрметтеуге дағдыланады

Табыс

критерийлері:

1.С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінігі қалыптасады.

2.Романның тақырыбы мен идеясын аша алады.

3.Сабақта түйген ойын өмірмен байланыстырып, қолдана алады


Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақ түрі:

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер:

«Жүректен- жүрекке» сергіту сәті, «Миға шабуыл» әдісі,

"Ой қозғау" әдісі, «Ойлан, жұптас, бөліс», «Білгенге маржан» «Егер мен автор болсам...» эссе жазу



Керекті жабдықтар:

Интербелсенді тақта, слайдтар ,плакат,маркер,бейнетаспалар, электронды оқулық, Е.еdu.kz сайты, ғаламтор

Уа

қыт

Жұмыс деңгейі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Бағалау


2 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын. "Жүректен-жүрекке" сергіту сәті, топқа бөлу Табыс критерийі



Оқушылармен амандасып түгендеймін. «Жүректен-жүрекке» сергіту сәтін ұйымдастырамын. Орындықтарға жасырын жапсырылған стикерлер арқылы топқа бөлемін.

Тақтаға табыс критерийін іліп, таныстырамын.



Оқушылар сергіту сәтіне қатысады, топқа бөлінеді.

Оқушылар сабақтың табыс критерийімен танысады.



Бір-бірін мадақтап қол соғу арқылы формативті бағалау


3 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Білу



Үйге:С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын оқып, танысып келу

Миға шабуыл

1.Ақын өмір сүрген жылдар?

2. Ақынның біліммен сусыр кімгендаған оқу ордалары?

3. Ақын поэмаларын атаңдар.

4. Алаш ардагерлері туралы не білесің, оның ақын өмірінде қандай орны болды?

5.“Таныстыру” поэмасы арқылы ақын кімдерді таныстырады?

6.С.Торайғыров “Айқап” журналының редакциясында қай жылдары еңбек етті және ақынның қандай мақалалары осы журналда жарық көрді?

7.Сұлтанмахмұттың қандай романдарын білесіңдер?



Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам жауап береді

Бағалау парағындағы бөлімдерде көрсетілген критерийлер бойынша бір-бірін бағалайды.

2 мин

Жаңа сабақ

Түсіну

«Ой қозғау» әдісі

«Бейнетаспа»

2 мин


Тақтаға: сұлу, әдемі, көрікті, көркем, айдай сөздері жазылады. бұл сөздер кімге арналған?

Жауабы: қызға

С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы жайлы бейнетаспа, слайд көрсетіледі.


Оқушылар жазушы туралы бейнетаспадаг мәлімет алады.





15 мин

Қолдану «Ойлан,жұптас,

бөліс» әдісі

10 мин

«Білгенге маржан» 2 мин



Әр топқа роман бөлімдерін бөліп беремін.



Проблемалық сұрақтар:

1. Романда кездесетін қарама-қайшылықтар осы заманда

кездесе ме? Кездессе, қандай түрде?

2. Неліктен «қатігездік-надандық белгісіне» саналады?

3. Қазіргі заман туралы (ауызша) ой толға


Оқушылар жеке оқиды, топта жұптасып талқылайды, оқып болғасын, екінші топқа бір оқушы барып, оқыған бөлімін түсіндіреді.

Роман желісі бойынша құрылған жоспар тақтада көрсетіледі. Жоспар бойынша оқушылар өз түсініктерін баяндайды.

Оқушылар сөздікпен жұмыс жасап,мәтінде кездесетін кірме сөздерді дәптерлеріне жазады


.

критерий бойынша өзін-өзі бағалайды




10

мин

талдау,

жинақтау
Топтық тапсырмалар



І топ: Шығарманы композициялық құрылысына қарай талдау

ІІ топ: Тұжырым картасы

ІІІ топ: Романда кездесетін мақал-мәтелдер мен салт- дәстүрлерді табу

ІҮ топ: М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы мен «Қамар сұлу» романының ВЕНН диаграммасы

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша топта жұмыс істейді. Жұмыстарын бір-бірімен алмастырады,бағалайды.

Бағалау парағындағы бөлімдерде көрсетілген критерийлер бойынша топ мүшелерінің және өзге топтардың бағалауы бойынша өзін-өзі бағалайды.


9

мин


Бағалау



«Егер мен Қамардың орнында болсам, қиындықты былай жеңер едім» немесе «Егер мен жазушы болсам...» тақырыбында ойтолғау жазу.

Сендер романның қалай аяқталғанын қалар едіңдер?



Топ мүшелерінің өзіндік ойлары тыңдалады.

критерий бойынша өзін-өзі бағалайды


2

мин

Үйге тапсырма беру

«Қамар сұлу» романындағы Қамар бейнесі, романнан қалаған жерінен үзінді жаттау

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.




2

мин

Бағалау

Кері байланыс


Оқушылар формативті түрде және суммативті бағаны қою үшін өз-өзін бағалайды.

Кері байланыс жазу үшін балаларға түрлі-түсті стикерлер таратылады.



Кері байланыс жазу үшін балалар түрлі-түсті стикерлерді тақтаға жабыстырады





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет