Сыныбы: 11 сынып Сабақ тақырыбы



Дата24.04.2017
өлшемі66,27 Kb.
#15160
түріСабақ
Сыныбы: 11 сынып

Сабақ тақырыбы: Антропогенездің қозғаушы күштері. Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі туралы. Адамның қалыптасуында сөздің, ақыл-ойдың және қоғамдық қатынастардың рөлі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Антропогенездің қозғаушы күштері. Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі туралы түсінік беру

Дамытушылығы: Адамның қалыптасуында сөздің, ақыл-ойдың және қоғамдық қатынастардың рөлімен таныстыру

Тәрбиелігі: Ұжымдылыққа тәрбиелеу

Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ көрнекілігі: Слайд, суреттер

Пәнаралық байланыс: Тарих,

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

  2. Түгелдеу

  3. Психологиялық ахуал

  4. Сабаққа дайындығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру: Қызығушылықты ояту.

1.Карточка



  1. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.

  2. Негроидты нәсілділерге тән қасиет

2.карточка

1. Тірі табиғаттағы адамның орны

2 .Монголоидті нәсілділерге тән қасиет

3.карточка



  1. Адам нәсілдері; жалпы сипаттама бер.

  2. Еуропеоидті нәсілділерге тән қасиет

4.карточка

1. Біз қазақ елі қандай нәсілге жатамыз,

2. Нәсілдердің бір –бірінен айырмашылығы неде,


Адам нәсілдері

Ерекшеліктері




















Жаңа сабақ: Мағынаны ашу.


  1. Суреттер сөйлейді . ( ежелгі адамдардың суреттеріне сипаттама беру)

  2. Сұрақтар арқылы тақырыпты ашу,

  1. Адамтектес маймылдардың белгілері.

  2. Адамға тән қасиеттері.

  3. Ежелгі адамдармен қазіргі заман адамдары арасындағы айырмашылықтар

Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы.

Антропогенез

мына ғылымдарға

сүйенеді
приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі

Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи әсерлердің нәтижесінде ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Адамтектес маймылдар бірте- бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасалуына колайлы жағдай туғызды.

Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс(18201895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.

Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол:

"Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз",

— деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс).



Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.
Бекіту: ой толғау.

  1. Адам мен маймылдың айырмашылықтары.

  2. Саналы адамдардың ерекшелігі.



Овал 1


Скругленный прямоугольник 5

Адамның арға ата тектері

Жалпы сипаттама

австралопитектер




питекантроптар




неандерталдықтар




Кроманьондықтар(осы заман типіндегі адамдар)





Қорытынды:
Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді.
Үйге тапсырма: Оқу. Тақырып соңындағы тапсырмалар,

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет