«Ат шауып келеді»
Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабыстырып, баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Осы жаттығуды бір ден беске-оңға дейін қайталау қажет.
«Кесе»
Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, бірақ тіл тіске тимеуі керек, 10-15 сек. ұстап тұру керек.
«Сылақшы»
Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау.
3. Тыныс алу жаттығуларын орындау.
«Көбелекті гүлге қондыр» ойыны.
Жіптің бір жағына көбелек, бір жағына гүл байланады. Бала көбелекті гүлге қондырғанша мұрынмен дем алып, ауызбен үрлейді.
ІІІ Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Түстер әлеміне саяхат» деп аталады. Ендеше, балалар қандай түстерді білеміз?
- Балалар, жарайсыңдар. Түстер адамға сән береді, айналаны құбылтады. Егер түстер болмаса барлығы көңілсіз болар еді. Сондықтан түстер бізге қажет екен. Бірақ, балалар, мына суретке қарайықшы. Бұл суретте не бейнеленген?
- Дұрыс айтасыңдар. Табиғаттың және Дымбілмес дейтін баланың жылап тұрағанын көріп тұрмыз. Ол неге жылап тұрғанын білеміз бе?
- Өйткені, балалар, мыстан кемпір кемпірқосақтың түстерін ұрлап алған екен. Сол себепті табиғатта мұңайып отыр. Ал Дымбілмес оларға қалай көмектесу керек екенін білмейді. Себебі мыстан кемпір түстерді оның тапсырмаларын орындаса ғана береді екен. Сендерден көмек сұрап отыр. Түстерді тауып, кемпірқосақты бояп берейік. Қанекей, көмектесеміз бе, балалар?
- Ендеше, бастаймыз.
- Түстердің түрін атап өттік, енді сол әрбір түсте бір тапсырма бар. Кім түстердің тапсырмасын жақсы орындаса сол кемпірқосақты бояйды.
Достарыңызбен бөлісу: |