Сыныбы: 7-сынып Тақырыбы: Зат есімнің түрленуі (қайталау/ашық сабақ). Мақсаты: Білімділік



Дата04.08.2017
өлшемі40,77 Kb.
#22765
түріСабақ
Сыныбы: 7-сынып

Тақырыбы: Зат есімнің түрленуі (қайталау/ашық сабақ).

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Зат есімнің түрленуі» тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру, пысықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін тексере отырып сөйлеу тілдерін жетілдіру,тапсырмалар орындау арқылы сыни тұрғыдан ойлауын, ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Ана тілін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге баулу. Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақ типі: Қайталау

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ жауап, талдау, оқулықпен жұмыс. Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту.

Сабақбарысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын тексеру, түгендеу.

Топқа бөлу. (І белес) Мақал-мәтелдер беру арқылы оқушыларды 4 топқа бөлемін. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашқызу.

1.     Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады). 

2.     Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

3.     Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді. 

4.     Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. 
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. (ІІ белес)

57-жаттығу. «Кішіпейілділік» мәтінінен зат есімдерді табу, мағынасын ашу, жасалу жолына талдау.



ІІІ Қайталау

ІІІ белес. Өткен тақырыпқа шолу.

Төрт топ өздеріне берілген тақырыптар яғни зат есімдердің көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуі бойынша сызба, кестелер арқылы жоба қорғайды.



ІV Белес. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді түсініп оқы. Әр топқа мәтін бойынша тапсырма беріледі. Топтар өздеріне берілген жалғау түрлерін мәтіннен табады, зат есімдерге талдау жасайды.

Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз.
          Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі .Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.Түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне ең жақындары-ноғай, қарақалпақ, татар,башқұрт, қарашай-балқар тілдері.
Қазақ тілі –Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Монғолия, Қытай, Ауғаныстан, Иран, Түркия  т.б елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.  Қазақ тілі –өркендеген мәдениеттің тілі,ғылыми тіл,ресми іс қағаздарының тілі.

Ана тілін жақсы білмейінше – сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәнінде мәдениетті адам атануға болмайды.



V белес.

Оқулықпен жұмыс. 59-жаттығу. Өлең мазмұнына талдау жасау, зат есімдерді табу.



Қазақ жері

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Бұл маңда                        

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағзым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етемін қашанда,

Осы бір Отанда тұрғанға!
VІ белес. Тест тапсырмалары:

1.Заттың атын білдіретін сөз табы...

А)есімдік

В)сын есім

С)сан есім

Д)үстеу


Е)Зат есім

2. Зат есімді көрсетіңіз.

A) Көмектесу.

B) Басшы.

C) Қалың.

D) Нешінші.

E) Қарсы алу.

3.Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз.

A) Дәріхана.

B) Жақсылық.

C) Қапшық.

D) Бөлме.

E) Достық.

4.Заттың көптік мағынасын беретін жалғау түрін көрсетіңіз.

A) Көптік.

B) Жіктік.

C) Тәуелдік. 

D) Септік.

E) Қосымша.

5.Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз.

A) Дәптердің.

B) Қызбен.

C) Кітапты.

D) Гүлдер.

E) Балаға.

  6. Жіктік жалғауын белгілеңіз.

A) -сың,-сің.

B) -ға,-ге.

C) -дың,-дің.

D) -нікі, -дікі.

E) -да, -де.

7. Тәуелдік жалғау жалғанған сөзді белгілеңіз.

A) Шайға.

B) Шайларыңыз.

C) Шайдың.

D) Шайнек.

E) Шайдан.

8. Жатыс септіктің жалғауын белгілеңіз.

A) -ба, -бе.

B)  -а, -е.

C)  -нан, -нен.

D)  -ты, -ті.

E)  -нда,-нде.

9. Барыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз.

A) Әкелер.

B) Әкетай.

C) Әкесіне.

D) Әкежан.

E) Әкесінікі.

10. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

A) Өздік.

B)  Бесінші.

C)  Басқар.

D)  Сызғышты.

E)  Қызғылт.

  Үй тапсырмасы: 60-жаттығу, 61-жаттығу



Сынақ тапсырмасы:көптелген, тәуелденген, септелген, жіктелген зат есімдерді қатыстырып «Қазақ жері» тақырыбында шығарма жазу.

  Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет