Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы



бет1/2
Дата11.07.2017
өлшемі0,6 Mb.
#21114
түріСабақ
  1   2
Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Excel-кестелік процессорын іске қосу, терезе элементтері, мүмкіндіктері, құжатты сақтау және ашу жолдарын, деректер енгізу, редакциялау және пішімдеу жолдарын үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушлығын арттыру.



Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, презентация, компьютер

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын сұрау;

  3. Үй тапсырмасын бекіту;

  4. Жаңа сабақ;

  5. Жаңа сабақты бекіту;

  6. Бағалау;

  7. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi:

а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;



ә)Назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Мәтінмен жұмыс

3. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

  • Компьютерлік графика дегеніміз не?

  • Растрлық графика дегеніміз не?

  • Растрлық графиканы өңдеу бойынша программаларын ата?

  • Векторлық графика дегеніміз не?

  • Фракталдық графика дегеніміз не?



Артықшылығы

Графика

Кемшілігі

Өңдеу редакторлары




Растрлық










Векторлық








4. Жаңа сабақ

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жай программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есптеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.



Excel программасын іске қосу

1) Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз.



2) Microsoft Office-тің ішінен Microsoft Office Excel қатарында тышқанды шертеміз.

Іске қосу → Программалар → Microsoft Offiсe → Microsoft Office Excel (1-сурет)

1-сурет


Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі суреттегідей болады.


Пішімдеу үстелі

Күй жолағы

Парақтар лақаптары

Айналдыру сызығы

Жолдар тақырыбы

Ұяшықтар

Бағандар тақырыбы

Мәзір жолағы

Өрнек жолағы

Стандартты үстелі

Тақырып жолы

Кесте ұғымы күнделікті өмірде кездеседі, міне, олардың бірнеше мысалы: көбейту кестесі, сынып журналы, үлгерім күнделігі. Оны толтыру барысында сендер қажет бағанды табасыңдар, содан кейін тиісті жолға тапсырма жазасыңдар, осылайша, дайын кестені толтырғандарыңды байқамай да қаласыңдар. Бірақ бұл кестелерде ешқандай есептеу орындалмайды. Кестелік есептеу үшін олар бойынша есептеу жүргізілетін қарапайым формула мен есептеуге қатысты бастапқы деректері болуы тән.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет