Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектеп
«Математикалық бинго»
(9 - сыныптар арасында интеллектуальдық ойын)
2021-2022 оқу жылы
Сыныбы: 9 «А», «Б», «В», «Г»
Мерзімі: 15.10.2021 ж.
Мақсаты:
Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: слайд, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.
Түрі: Интеллектуальды ойын
Жоспары:
1. Таныстыру. Әр оқушының өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Математика басқа ғылымдармен... (ұяшықтар таңдау)
3. Логика әлемінде...
4. Тапқыр болсаң, тауып көр!
5. Жанды сұрақтар (видео сұрақ)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”
Н.Ә.Назарбаев
2. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»
Әбу Насыр Әл-Фараби
Барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Математикалық бинго» атты интеллектуальды ойынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымызды Ы.Алтынсаринның сөзімен бастайық: “Өнер, білім – бәрі де, оқуменен табылған.” Осы ойында көрсеткен білімдерің, күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.
Ойынымызды бастамас бұрын әр оқушының білімін деңгейін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған. Интеллектуальды ойынымызға түскелі отырған оқушыларымыздың білімдері мен тапқырлықтарын сынағалы жиналдық. Іске сәт! –деп сайысымызды бастайық.
Іріктеу сұрақтары:
1) Екі нүктемен шектелген фигура. (Кесінді)
2) Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым (Аксиома)
3) 20 сантиметр метрдің қандай бөлігі? (1/5)
4) 900-тан кіші бұрыш (сүйір)
5) 125 қай санның кубы? (5)
6) Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады.(Түзу)
7) «Геометрия» сөзі қандай мағынаны білдіреді (жер өлшеу)
8) Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)
9) 500 –қа сыбайлас бұрыш (1300)
10) Геометрия неше бөлімнен тұрады? (екі)
11) Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
12) 900-тан үлкен бұрыш (доғал)
13) Нүкте қалай белгіленеді? (Латынның бас әріптерімен)
14) 5 санына кері сан (1/5)
15) 90 минутта неше сағат бар? (1,5 сағ)
16) 64 қандай санның кубы? (3)
17) 5 дм неше см?(50 см)
18) Координаталық жазықтықтағы у осі қалай аталады? (ордината)
19) Координаталық жазықтықтағы х осі қалай аталады? (абцисса)
20) нешеге тең? (81)
Іріктеуден өткен 20 оқушы арасында лотерея билеті таратылып, бинго ойнатылады. Бинго ойынында 12 оқушы іріктеліп сайысқа қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |