Синий Органические Фигуры Мастер-Класс по Лидерству Вебинар Keynote Презентация



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата13.11.2023
өлшемі9,49 Mb.
#191222
  1   2
Байланысты:
Синий Органические Фигуры Мастер-Класс по Лидерству Вебинар Keynote Презентация 20230923 135817 0000
Ашык сабак туынды 2020, Ашык сабак туынды 2020, жас маман жылдық жоспар 2020-2021 жыл, жас маман жылдық жоспар 2020-2021 жыл, Интерпретация 2, Презентация Илон Маск детский, document (2), 4 Lektsiya, Beige Scrapbook Art and History Museum Presentation


ГЕОДЕЗИЯ
ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ 
орындаған:Бөрібек Айгерім
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ 


ЖОСПАР
1
Геодезияның ғылыми анықтамасы және
негізгі міндеттері
2
Геодезияның даму тарихы
3
Еліміздегі геодезиялық қызметтер


1.Геодезияның ғылыми анықтамасы жəне негізгі міндеттері 
Геодезия - Жер туралы ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі.
«Геодезия» деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда, «жерді болу»
мағынасын білдіретіндігі, оның адамзаттың тыныс тіршілігінде жер
учаскелерін өлшеуге, белуге байланысты пайда болғандыгының дәлелі.
Қазіргі замандағы геодезия-жерді болу мағынасы шеңберінен әлдеқашан
шыккан, күрделі ғылыми, ғылыми- техникалық және инженерлік
мәселелерді геодезиялық, т.б. да аспаптар көмегімен арнайы өлшеу және
өлшеу нәтижелерін математикалық-графиктік өндеу арқылы шешетін
жан-жақты ғылым саласына айналып отыр.


Геодезиялық астрономия- геодезиялық
тірек-жүйелері үшін аспан шырақтарын
бақылау негізінде координаталық
бастапқы мәліметтерді анықтап беру
мәселелерімен айналысады
Геодезиялық гравиметрия – жер бетінің
жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін
арнайы аспаптармен өлшеу арқылы
жердің фигурасын зерттеумен
шұғылданады.
Картография - бүкіл жер бетінің карталары
мен пландарын әр түрлі мақсаттарда
жасау мен көбейту технологиясын
зерттейді.


Қазіргі геодезия көп қырлы ғылым: күрделі
ғылыми-техникалық және инженерлік есептерді
геодезиялық және басқа арнаулы аспаптар
арқылы өлшеп, нәтижелерін математикалық
және графикалық өңдеу арқылы шешеді. Оның
шешетін басты мәселелері:
1. Жердің пішіні мен көлемін және сыртқы
гравитациялық тартылысын, яғни тартылыс
күшін анықтайды.
2. Берілген координаталар жүйесінде жер
бетіндегі нүктелердің орнын анықтайды.
3. Жер бетінің картасы мен планын жасайды.
4. Жер бетінде құрылыстарды жобалау, салу
және пайдалану үшін өлшеу жұмыстарын
орындайды.


2.ГЕОДЕЗИЯНЫҢ ДАМУ
ТАРИХЫ
Адам баласының барлық тіршілігі жермен байланысты
екені бәрімізге аян. Сол себепті жерге зерттеуге арналған
ғылымдардың бірнеше түрлі тараулары бар. Грек тілінде
жерді «Геоид» дейді, осыған байланысты жерге арналған
ғылымдардың көпшілігі осы буынмен басталады:
геодезия, геология, геофизика, геоботаника, геомеханика
және т.б.


Бұл ғылымдардың бәрі бір-
бірімен тығыз байланысты және
өлшеу мәселесі қоғамның даму
тарихымен тікелей ұштасып
жатады. Қоғам тарихының әр
дәуірінде жермен шұғылдану
дәрежесі де әртүрлі сатыда
болып келді. Адам қоғамының
даму дәрежесінің өзі сол жер
байлығын пайдала білу тәсіліне
тәуелді. 
Сол себептен жер өлшеу әдістерінің
дәрежесі адам қоғамының даму тарихын
көрсететін бір айқын дерек болып
табылады. Осы айтылғандарға мысал
ретінде геодезия мен маркшейдерия
ғылымдарының әрбір тарихи кезеңдерде
қандай орын алып келгендігіне қысқаша
тоқталамыз.
Жер 
өлшеу 
үшін 
әдістерімен 
ірі
құрылыстардың көрнекті ескерткіштері
дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар.
Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы
YI ғасырда Ніл өзенінің бойында
салынған 
суару 
жүйелері 
мен
каналдарда 
геодезиялық 
өлшеулер
қолданылған


Ежелгі Мысыр (Египет) елінде
орасан зор құрылыстар салынған.
Ал Египет патшаларының өздері
тірі кездерінде салғызған
пирамидаларының ішіндегі ең
үлкені – Хеопс пирамидасының
төрт қырының әрқайсысы 230,13
метрден де, ал бір-бірінен
айырмашылығы 2 см-ден аспайды.
Египет пирамидалары «Әлемнің
жеті кереметінің» бірі болып
саналады. Мұндай құрылыстарды
салу, арнаулы геодезиялық
өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін
емес.


3.ЕЛІМІЗДЕГІ
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТЕР


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет