Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет15/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
лекция

3. Сөздікті молайту сабақтарының түрлері мен ерекшеліктері. Мектепке дейінгі тәрбиеде, мектепалды дайындықта, жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары бастауышта одан әрі үздіксіз жүргізіліп отырады. Бұл жұмыстар мынадай міндеттерді жүзеге асыруы тиіс:
1) Жаңа сөздер үйрету
2) Орфоэпиялық нормаларды меңгеру
3) Байланыстырып сөйлеуді дамыту
4) Сөйлем құрылымын жетілдіру
5) Мәтінді жүйелі баяндауға дағдыландыру
Осы мақсаттарды жүзеге асыру ана тілі сабақтарында үнемі назарда болады. Сөздік қорды байыту, жаңадан үйренген сөздерді тұрақты қолданысқа түсіру, сөйтіп, сөздік қордың мазмұны жағынан байып, белсенділігі артуы тәрбиеші-мұғалімнің әдіскерлік шеберлігін, балалармен жасалатын өз бетіндік жұмыстық мазмұнына тікелей қатысты.
Балалардың тілін дамытуда сөздік қорын молайтумен қатар, сол сөздерді түсінікті айта қорын молайтып, тілін дамыту өзін қоршаған өмір шындығын бақылаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Сондықтан тәрбиеші әр сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда балаға сөз үйретуде заттың атауын білдіретін сөздерді де меңгеру керек. Тәрбиші балаға бағдарлама талаптарына сәйкес әр заттың белгілі жағымен қоса, бұрын белгісіз жаңа белгімен таныстырады.
Мысалы, бала бұрын доп, қуыршақ т.б. сөздермен таныс болса, ендігі кезекте – мына доп үлкен,қызыл. Мына қуыршақ кішкене, ал мынау үлкен – деп, түсіндіре отырып, сәбилерді сөйлеуге үйретеді.
Тәрбиеші балалармен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың әр сөзді анық та дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыру қажет.Әсіресе, зат ретіндегі сөздерді өзара байланыстыра сөйлеп үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуына бағдар беріп жаттықтыру қажет. «Қыз доппен ойнады.» деген сөйлемдегі затты білдіретін және қимылды білдіретін сөздерді тапқызу, қалай байланысып түғаннын түсіндіру. Ересек балалар тобындағылардың сөз қорын байытуда мыналар ескеріледі. Жалпы лексика көлемін кеңейте отырып, кейбір сөздің көпмағыналы болып келетінін білдіру. Арнайы жаттығулар әр сабақ сайын 5-7 минут мөлшерінде жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің

  • балалардың сөздік қорларын дамыту;

  • жаңа сөздерді меңгеру;

  • үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндеті болып саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.Балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі.Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуын ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.Баланың білуге деген құштарлығы,сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорын дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі рөл алады.
Ойын (жаттығу) «Қажетті сөзді»
Ойынның мақсаты: тапқырлыққа, ойланып жауап беруге үйрету, сыққақ сезімін дамыту.
Ойын ережесі: тәрбиеші – мұғалім бір сөз атайды, балалар соған қажет заттардың атына байланысты сөздерді тез айтуға тиісті. Мысалы, тәрбиеші:
-Тоқылатын заттарды ата десе, балалар:
-Шұлық, шәлі,қолғап, жемпір,-деп жауап береді.
-Қайда, немен , кім тоқиды?
-Фабрикада,үйде, бізден,машинамен, тоқымашы тоқиды.
-Тігілетін заттарды ата.
-Көйлек, етік, тымақ, көрпе. Т.б.
-Қайда, немен, кім тігеді ?
Осылай кете береді. Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу жәнеқұрастыру, саяхат, ойын сабақтарынұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын байытады.
Сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы, «Сөз ойла», «Сөз құра», «Үш сөз ата» . Сонымен қатар баллардың сқздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта» сияқты жаттығу тапсырмалар балалардың сөздік қорларын дамытып, таным белсенділңктерін арттырады.
Саусақ ойындары арқылы тіл дамыту. Саусақ ойыны бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жптқан, әрі үлкен мәні бао мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны – саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең, тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады жіне шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен табиғат құбылыстарын, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.
Тәл дамытуға байланысты жаттығулар:
1)Мысық. Пеш үстінде мысық отыр:
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
2) Қоян. Ұзын құлақ сұр қоян
Ести салып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-қытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап өзінінң
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.
12 Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі
1. Сөздік жұмысының принциптері
2. Бақылау мен топсаяхаттың рөлі және оларды ұйымдастыру әдістемесі.
3. Сөздікті молайту процесіндегі дидактикалық ойынның маңызы
4. Жалпылама сөздерді меңгерту
1. Сөздік жұмысының принциптері. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде оларды өздерінің тыңдаған әңгімелерін қайталап жүйелі айта білу, тәрбиешілерінің сұрақтарына толық жауап беруге, естіген ертегілерін мазмұндай алуға баулу көзделеді. Сондықтан мазмұндамаға алынатын мәтіндер мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілділік, сегіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелуге тиіс. Алайда қандай әсерлі шығарма ұсынылғанымен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жарымас еді, өйткені мазмұндамаға ұсынылған мәтіндерді балаларға оқып беруде болсын, шығарма жаздыру үшін материал жинау барысында балаларға айтылатын әңгімеде болсын, мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді анық айтуының маңызы зор. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский «...мүмкін егерде біз: бізде анық дауыстап, ырғағын келтіріп, әсерлі етіп оқи алатын төменгі кластың мұғалімін табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, бірақ зейінінің қабілеті жетілмеген
балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет»- дейді.
Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да өзінің балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Ұлы педагог балалармен сөйлескенде оларға әсер ету үшін дауыста эмоция мен сезімнің басым болуы керек екенін айтады. Сондықтан балабақшаның естиярлар топтары да, бастауыш сыныптарда оқуда да, түсіндіруде де, әңгімеде де тәрбиеші – мұғалім дауыс ырғағын бірқалыпты сақтап, өзінің дикциясына қатты көңіл бөлген жөн. Мәнерлеп оқуға екі түрлі шарт қойылады, олар: физикалық және психикалық. Біріншісіне оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бір қалыпты сақтау сияқтылар, ал екіншіге дауыстың (оқудың ритмін сақтау, сөзді анық айту, бірқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру) т.б. жатады.
Оқытудың саналылығы мен балалардың белсенділігін арттыру принципін сақтау мақсатында балаларды өз ойының барысын байқауға, біреудің айтқанын тыңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, нәрсерелер мен құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстары байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының өн бойынан орын алады.
Біз балаларға ана тілін үйретуде теория мен практиканың бір-бірімен ұштасуының нәтижесі, соның құралы ретінде қарадық, өйткені объективтік шындықты танудың диалектикалық жолы-тікелей сезуден абстрактілік ойлау одан практикаға көшу. Практика-ақиқаттың өлшемі, практика таным процесінің шамшырағы « Әрекеттің нәтижесі дегеніміз-субективтік таным тексеру және ақиқат-бар объективтіліктің өлшеуі».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет