Қосымша:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Егемен Қазақстан.
3. Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
4. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010.
5.Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық орталық) қызметінің тәртібі. ҚР БҒМ заңымен бекітілген (18 қыркүйек, 2013 жыл).
6. "Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 338 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19151 болып тіркелді
7..Медеубаева К.Т. Шағын жинақты мектептерде «Ана тілін» оқыту. - Алматы: «Қыздар университеті»,2014, - 131 б.
8. В помощь малокомплектной школе. - Астана: МОиН РК, 2000.
Сабақ түрлерінің сипаттамалары:
Дәрістік сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақтарда белсенділік таныту міндетті және Сіздің қорытынды балл/бағаңыздың қорытынды жиынтығын құраушы бөлігінің бірі. Дәріс материалдарында қамтылған көптеген теоретикалық сұрақтар тек дәрістерде ғана ұсынылады. Тиісінше, Сіздің сабаққа қатыспауыңыз Сіздің үлгеріміңіз бен қорытынды бағаңызға өз әсерін тигізеді. Түрлі себептермен сабаққа екі рет кешігу немесе сабақ толық аяқталғанына дейін сабақтан кетіп қалу бір қатыспаған сабақ болып саналады. Сіздің сабақ барысында үнемі белсенділік танытуыңыз қажет. Аталған курстың міндетті талаптарының бірі – әрбір сабаққа дайындалу болып табылады. Ұсынылған оқулықтың және қосымша материалдардың бөлімдерін тек тәжірибелік сабаққа дайындалу барысында ғана емес, сондай-ақ дәріс сабақтарына қатысу алдында да қарап, пысықтау қажет. Өз кезегінде, мұндай дайындық Сіздің жаңа тақырыпты жетік меңгеруіңізді және университет қабырғасында белсенді білім алуыңызды жеңілдетеді.
*Тәжірибелік сабақтар студенттің оқытушының басшылығымен өтілген тақырыптардың тапсырмаларын өз бетінше шешуіне бағытталған. Тәжірибелік сабақтар
барысында тапсырмалар ұсынылады. Барлық студенттер үшін тапсырмалар ағымдық өзіндік жұмыс сияқты орындауға міндетті болып табылады. Үй тапсырмасын орындау барысында Сіз әдебиеттерден, ақпараттық білім ресурстарынан және сабақтардан алған біліміңізді қолдануыңыз қажет. Сіздің орындаған жұмыстарыңыздың негізінде орташа бағаңыз жинақталады. Тапсырмаларды уақытылы орындау және тапсыру есепке алынады.
*Зертханалық жұмыстар нақты тапсырмаларды шешуде бағдарлама әзірлеуге және құрастыруға бағытталған. Тапсырмалар сайтта порталда ұсынылады. Тапсырмаларды орындау тиісті үлгіге сәйкес болады. Жұмыстардың уақытылы орындалуы және тапсырылуы есепке алынады.
*Жобалық жұмыстар Сіздің өзіңізбен немесе 3-4 студенттен құрылған топта орындалады. Жоба тақырыптарын Сіз оқытушының келісімімен анықтай аласыз.Жобамен жұмыс жасау үдерісін белгіленген мерзім аралығында топ арасында және оқытушымен, жобаның арнайы бөлімдерін күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген мерзімге сәйкес үнемі талқылап отыруыңыз қажет. Топтық жобаны қорғау соңғы аптада барлық студенттердің қатысуымен өтеді және таныстыру уақыты 10 минуттан аспауы қажет. Жоба үшін қойылған баға топтың барлық мүшелеріне таратылады.
Жобаны орындаудың қосымша талаптары және жоба бойынша жұмысты ұсыну жоспары кеңес сағаты кезінде талқыланатын болады.
Студенттердің өзіндік жұмысы (семестрлік тапсырма) ағымдық семестрде пәннің қарастырылған тақырыптарын қамтитын 5 тапсырманы орындауды қарастырады. Тапсырма жазбаша түрде орындалуы тиіс және орындалу деңгейіне қарай белгіленген мерзім ішінде тапсырылуы ескеріледі. Сіздің жазбаша жұмысыңыздың негізінде орташа балл жинақталады. Жұмыстың орындалуы мен уақытылы тапсырылуы есепке алынады.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (ары қарай - СОӨЖ) – студенттің оқытушының басшылығымен атқаратын аудиториядан тыс жұмысы болып табылады, СОӨЖ бекітілген кесте бойынша студенттермен жекелей немесе топтармен мақсатына, көлеміне, нақты тақырыптарына, қиындық деңгейі және студенттердің білу деңгейлеріне сәйкес өткізіледі. СӨЖ мен СОӨЖ-ын орындау мазмұны туралы толық ақпарат пәннің оқу-әдістемелік кешенінде (ПОӘК) ұсынылады.
Қорытынды емтихан пәннің барлық тақарыптарын қамтиды және қорытындылайды. Емтихан жазбаша (немесе тестілеу) түрінде өткізіледі және түрлі тапсырмаларды қамтиды: өткен дәріс тақырыптарын қамтитын жазбаша сұрақтар, нақты тапсырмалардың тәжірибелік шешімдері. Емтихан ұзақтығы 2 академиялық сағат немесе тапсыру нысанына байланысты 30 минут болады. Баға төмен жағдайда оны көтеру мақсатында, емтихан алу кезінде қосымша тапсырмалар берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |