Ұсынылып отырған жинақта ақын, композитор, философ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы, Абай мұрасын зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен деректер берілген


-өнеге етуді мақсат тұтады. Бұл Абайдың, біріншіден, ақындық шеберлігін білдірсе, екінші -



бет11/12
Дата23.12.2021
өлшемі7,94 Mb.
#128328
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Kaz.-Abaj-doc

-өнеге етуді мақсат тұтады.

Бұл Абайдың, біріншіден, ақындық шеберлігін білдірсе, екінші -халық дәстүрін дәріптеп, ел жақсысының жақсылығын кейінгі ұрпаққа өнеге-үлгі етіп ұсынуының айғағы.

Ұлы Абай шығармашылығын, абайтану мәселелерін жан-жақты сөз еткенде назар аударатын мәселелер бар, ол Абайдың ақын шәкірттері, Абайдың ортасы, ақындық мектебі тәрізді құбылыстар. Мұның бәрі абайтану мәселесін тек тереңдете түсетіні сөзсіз. Бұл жайында академик Зәки Ахметовтің келесі бір пікірін келтіре кеткенді дұрыс деп санадық.

Абайды ұлы ізашар ақын деп қарағанда, оның шығармашылық дәстүрлерін дамытып жалғастырған ізбасар ақындар деп қазақ поэзиясының бір туар аса көрнекті қайраткерлерінен Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовты алдымен айтамыз. Әрине, бұл топқа басқа бірталай ақындарды қосуға болады. Тікелей шәкірті болған балалары Ақылбай, Мағауия, немесе Абайдың айналасында болған, жақын жүрген Әсет, Көкбай ақындар туралы бұрынды-соңды айтылмай жүрген жоқ. Бұл — өз алдына мәселе. Кең мағынасында Абай дәстүрлерін дамытқан деп, мысалы, Сәкен мен Ілиясты да, ал жеке бір қырларынан келсе М. Әуезовті де, кейінгі атақты ақындардың қайсысын болса да алып қарауға мүмкін екені талассыз. Біздің сөз етпегіміз — нақтылы мәселе, қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрлерінің ұлы ақыннан кейінгі дәуірде тікелей жалғастық табуы, одан әрі өрістеп, дамуы. Абайдың ақындық дәстүрлерін тікелей жалғастырған осы ірі тұлғалар туралы ғана айтсақ та, ұлы ақын өмір сүрген XIX ғасыр мен оның өнерпаздық өнегесін өркендетіп, дамытқан XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін талдап баяндауға толық мүмкіндік туады.

Жаңа реалистік жазба әдебиеттің негізін салған, ұлттық сөз өнеріміздегі жаңа дәстүрді бастаушы болған ақын тұлғасы осындай жан-жақты болуы да тегін емес дейміз. Сонда оған ілесе шыққан аса көрнекті ақындардың – Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, А. Байтұрсынов пен М.Дулатовтың қайсысы болсын алдындағы ізашар ақынның дәстүрлерін өз шығармашылық өнерінің өзгешелік сипатына сәйкес өзінше жалғастырғаны заңды құбылыс болып шығады. Сонда біз Шәкәрімді Абайдың оқу-білім, ғылымды, адал еңбекті, талаптылықты, адамгершілікті уағыздау өнегесін фәлсапашыл ойшылдығын өзінше өрістеткен ақын десек, Сұлтанмахмұтты әсіресе әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын, өз заманының шындығын нақтылы түрде, үлкен сыншылдықпен ашып көрсетуі жағынан Абай дәстүрлерін дамытуда өзіндік тың, жаңа өріс тапқан дей аламыз. Ал Мағжанды айтсақ, ол теңдесі жоқ лирик ақын ретінде Абайдың өз көңіл күйін және жалпы адамның жан дүниесін, ішкі сезімін суреттеудегі дәстүрлерін өзінің сыршылдық шеберлігіне тірек етіп, өзінше жалғастырған деу орынды.

«Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет