Сынып: 10 «а», 10"Ә" Түсінік хат



бет1/8
Дата06.02.2022
өлшемі37,79 Kb.
#79539
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Адам эволюциясының құпиялары

«Адам эволюциясының құпиялары» таңдау курсының бағдарламасы

Сынып: 10 «а», 10"Ә"


Түсінік хат


Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбы үшін «Биология» пәні бойынша «Адам эволюциясының құпиялары» тақырыбында таңдау курсының бағдарламасы құрылды. Таңдау курсы жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердің 10-11сыныптарына арналған бағдарламаға, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде 12-жылдық оқытуға көшу экспериментіндегі 10 сыныпқа арналған бағдарламаға, Биология 10 сынып (авторлары: Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов), Биология 10 сынып (авторлары: Е.А.Очкур, Л.Е.Аманжолова), Биология 11 сынып (авторлары: Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаева) оқулығына негізделіп құрылды. Бағдарлама 6 -10 сыныптарда оқытылатын биологияның базалық материалдары негізінде, соның ішінде «Цитология», «Генетика және селекция негіздері», «Адам генетикасы», «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы», «Эволюциялық ілім», «Жердегі органикалық дүниенің дамуы» бөлімдерінің материалдарын басшылыққа алып жасалған. Курс аптасына 1 рет, жалпы 34 сағатқа жоспарланды.
Курсты оқыту жас ұрпақты адам эволюциясы туралы білімінің кеңеюіне, тірі табиғаттағы адамның орны туралы білім жүйесін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған әлемнің материалдық бірлігі туралы жаратылыстану-ғылыми кіріктірілген білімдерін қалыптастыруға көмектеседі.
Таңдау курсының білім мазмұны теориялық және практикалық оқытуға бағытталған тақырыптарды, практикалық дағдыларды меңгерту мақсатында қарастырылған. Таңдау курсын өткізу үшін дәріс, ой-толғау, диспут, семинар т.б. оқыту әдістерін пайдалану көзделген. Курсты оқыту кезінде оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастырумен қатар, жеке оқушының ерекшеліктері ескеріледі.
Оқыту үрдісі кезінде оқушылардың ғылыми, ақпараттық әдебиеттермен, электронды тасымалдағыш құралдармен жұмыс істеуі, интернет желілеріндегі материалдарды пайдалануы жүзеге асырылады. Нәтижесінде оқушылардың әдебиеттерді таңдап алу, конспект жасау, салыстыру, шағын жобалар құрастыру, көпшілік алдында өз ой-пікірін айта білу дағдылары қалыптасады. Оқушылардың өз бетімен жұмыстануы ізденгіштікке, жоспарлай білуге үйретеді. Бұл дағдылар болашақта олардың жоғары оқу орнында оқыған кезінде көмектеседі.
Курсты оқыту кезінде оқушылар Ж.Б.Ламарк, Ч.Дарвин, Ф.Энгельс, Фукуяма т.б. адамның шығу тегінің эволюциясына үлес қосқан ғалымдардың еңбегімен танысатын болады.
Курсқа оқушылардың қызығушылығы сабақ кезінде әңгімелесу түрінде, соңғы сабақта сауалнама жүргізумен анықталады.
Курсты аяқтаған кезде әрбір оқушы өздерінің шағын жобаларын қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет