Сынып:5 “в”
Сынып жетекшісі: Дуан.А.Ж
Орындаған: Уалханова Дина
Сынып сағатының тақырыбы « Тұмаудың алдын алу»
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Оқушыларды салуатты өмір сүруге, зиянды әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу;
Білімділік:
Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық:
Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, сонымен қатар тазалық, жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;
Барысы:
Оқушылар суретке қарап, бүгінгі сынып сағатының тақырыбын анықтайды.
Сәлеметсіңдер ме 5-сынып оқушылары.Бүгінгі « Тұмаудың алдын алу» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ашық тәрбие сағатының бөлімдерін таныстырып өтейін.
Оқушылар суретке қарап, бүгінгі сынып сағатының тақырыбын анықтайды.
Тұмау туралы жалпы түсінік.
Денсаулық тақырыбына мақал-мәтел айтып жарысу.
Тұмаудың алғашқы белгілері
Тұмауды емдеу.
Қорытынды сұрақтар.
Ұйымдастырылу бөлімі:
Тұмау түсінігін ашу. Слайд арқылы түсіндіру
Тұмау – бас салу, шап беру деген мағынаны білдіреді. Тұмау- тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар)тыныс жолының кілегей қабығында өсіп- өнеді, Мұрынның шырышты қабықтарын зақымдайды, қанға сіңіп жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың негізгі қоздырғышы- ОРТОМИКСОВИРУСТАР.Олардың 3 түрі болады А,В,С.
Денсаулық тақырыбына Мақал- мәтелдер айту.
Байлық байлық емес- денсаулық байлық
Салауатты өмір- денсаулық кепілі.
Ауру қалса да - әдет қалмайды.
Денсаулық кепілі - тазалық.
Жарлының байлығы- деніңнің саулығы.
Тазалық- денсаулық негізі, денсаулық- байлық негізі.
Тәні саудың- жаны сау.
Денсаулық - зор байлық
Бірінші байлық- денсаулық
Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
Тұмаудың негізгі белгілері:
Тоңып, дірілдеу;
Бастың ауруы;
Дауыстың нашарлауы;
Көздің қызаруы;
Қақырық пайда болады
Дене қызуының көтерілуі;
Әлсіздік;
Құрғақ жөтел;
Бұлшық ет пен буындардың сырқырап ауруы;
Тамаққа тәбеті болмау;
Ұйқының бұзылуы;
Тұмау вирусы:
Науқастың ыдысы;
Сүлгісі;
Кітабы;
Тұмауды алдын- алу жолдары:
Дер кезінде дәрігерге қаралу;
Тұмауға қарсы вакцина (екпе) қолдану;
Спортпен шұғылдану;
Емделу жолдары:
Дәрігердің бақылауында болу;
Науқастың жеке бөлмесі және ауасы таза болу қажет;
Орамалы, ыдысы, жиі қайнатылып, жуылуы тиіс;
Организмнің арнайы улануын азайтатын дәрі- дәрмектер беріледі;
Құнарлы мезгілімен тамақтану;
С дәрумендеріне бай көкөністер (шикі жуа, сарымсақ, пияз бұрыш)болуы қажет.
Тұмауға қарсы сусындар ішу; (қайнаған сүт,ішіне бұрыш, сары май салып ішу, 1стакан қайнаған суға 1 ас қасық бал , 1 ас қасық ит мұрын таңқурай, малиина , қосып ішу.
Қорытынды: Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беріледі.
Тұмаудың алғашқы белгілері қандай?
Тұмау қалай жұғады?
Тұмаудан қалай сақтанамыз?
Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отыра, талдап, бүгінгі сынып сағатын қорытындылайды.
« Күнің тұман болмасын, ауруың тұмау болмасын !» демекші Денсаулығымызды бағалай білейік. Ешқашан ауырмайық.. Қатысқандарыңызға көп- көп рахмет. Сауболыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |