Сабақ барысы
Тұсаукесер
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын қортындылау
Жаңа сбақ
Оқулықпен жұмыс.
Сөздік жұмысы
Топтық жұмыс
Қорытындылау
Кері байланыс
Үйге тапсырма
Бағалау.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
Сәлемдесу.
Кезекшімен сұхбат. Оқушыларды үш топқа бөлу.
Бағалау парағын ұсыну.
М.Әуезов «Ақын қонақтар» Сөзжұмбақ «Абай»
Міне,балалар біз бүгін»Абай жолы» романынан ақын Абайдың балалық шағы туралы жазылған үзіндісімен таныстық.Сендерден алдағы уақытта романды түгел оқып алуларыңды сұраймын.
Балалар,қазақ халқы аң аулап,ит жүгіртіп,құс салған халық екенін білеміз.Олай болса,аң аулауға шыққанда қандай құстарды алып шығатынын білесіңдер ме?
Міне,біз бүгін осы лашын құсы туралы жазылған С.Мұқановтың шығармасымен танысамыз.
(С.Мұқанов туралы слайд көрсетіледі)
Бүгінгі «Лашын»әңгімесі жазушының «Өмір мектебі» атты романынан үзінді.енді үзіндімен танысайық.
Мәтінді үш топқа бөліп берем.
«Өкіл» әдісі арқылы мәтінді оқып,әр топтан шыққан өкілдер басқа топқа барып,түсіндіреді.
Мәтінде сендерге таныс емес сөздер болса,сөздікке назар аударып,қарап алыңдар.
І топ. Атбегілік және құсбегілік өнеріне түсінік беріңдер.
ІІ топ. Мәтіннен портретті табыңдар. (Ахметтің,құстың)
ІІІ топ.Құс туралы мақал-мәтелдер жазыңдар.
Әр топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды.
Топ мүшелеріне лашын құстың суреті беріледі.Бүгінгі сабақ туралы өз пікірлерін жазып қалдырады.
1.С.Мұқанов «Лашын»әңгімесін оқып,мазмұнын айту.
2.Әңгіме желісіне жоспар құрып келу.
3.Лашын құс туралы мәлімет алып келу.
Топ басшылары бағалау парағын толтырып,қойған бағаларымен таныстырады.
|
Оқушының іс-әрекеті
Мұғаліммен амандасады.
Жоқ оқушыларды хабарлайды.
Топқа бөлініп,әр топ топ басшыларын сайлайды.
Оқушылар дәптерге құрап келген сөзжұмбақтарын бір-бірімен ауыстырады.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Қыран,лашын,бүркіт.
Мәтінді бөліп оқиды,өкілдер басқа топқа барып түсіндіреді.
Орындаған жұмыстарын қорғайды.
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын 2 жұлдыз бір ұсыныс әдісі бойынша бағалайды.
Жауап береді.
Берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
|