Сынып: 6 «А» Күні: 24. 02. 16 Тақырыбы



Дата24.05.2017
өлшемі115,38 Kb.
#17013

Сынып: 6 «А»

Күні: 24.02.16

Тақырыбы: Бұршақтар тұқымдасы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды раушан, бұршақ тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету. Оқушыларды негізгі оқу материалымен таныстыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Аралас сабақ, ішінара ізденуші
Сабақтың әдісі : Сұрақ – жауап, тірек-сызбалар, баяндау, түсіндіру, сәйкестік тест.

Жалпы дидактикалық әдіс: түсіндірмелі – иллюстративті және кейде ізденуші

Құрал жабдықтармен көрнекілік: сабаққа таратпа материал, компьютер, презентация,слайд

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин

ІІ. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» 8 мин

ІІІ. «Білім кілті танымдылықта» - 25 мин

ІҮ. «Білгенге маржан» - 8 мин

Ү. «Еңбегіне қарай өнбегі» 1-2 мин бағалау

Үй тапсырмасын сұрау:

Лездемелік сұрақтар:



  1. Жер шарында Раушангүлдердің қанша түрі бар? 3000 нан астам

  2. Қазақстан Республикасында неше түрі бар? 36 туысқа жататын 190 дай

  3. Раушангүлдердің жапырақтары қайда қалай орналасқан?

Раушангүлдердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай жапырақтылары: алма, алмұрт, долана, шие, өрік, және т.б. Күрделі жапырақтылар: бүлдірген, құлпынай, таңқурай т.б

Қауырсын тәрізді күрделілер: итмұрын, шетен.

Саусақ салалы күрделі: жатаған, қазтабан т.б.

  1. Таңқурай қандай өсімдік?

Қосжарнақтылар класы раушангүлділер тұқымдасына жататын жартылай бұталы дақыл. Жемісі қызыл,ткейде сары, көпсүйекті біріккен жеміс.

  1. Раушан қандай өсімдік?

Жабайы итмұрыннан шығарылған сорт.

  1. Алқалар тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады?

Баклажан, қызанақ, болгар бұрышы т.б.

  1. Гүлінің формуласы қандай?

  2. Баклажан қандай өсімдік?

  3. Қызанақ қандай өсімдік?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Тапсырма№1: Берілген сөйлемдерге көп нүктенің орнынан тиісті әріптерді қойып, сөйлемді толықтыр. Сөйлемді оқыңдар. Сол кезде бұршақтұқымды өсімдіктің қандай өсімдік екенімен таныс боласыздар.

Бұршақ тұқымдастар. Бұлар да – қос.......... өсімдіктер. Бұршақ тұқ.............. 12000 түрі бар деп есептеледі. Оның 650-ге жуық түрі Қазақ............ өседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маң...... ерекшелігі - тамыр түкшелері ар....... бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекеттен тамыр жасуша.... бөлініп, жасушалар саны артады. Сөйтіп тамырда түйнек......... пайда болады. Өсімдік тіршілігін жойғанда топ............. азотты заттарға кенеледі. Бұл түйнекшелер өсімді........ де, топыраққа да пайдалы. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді. Астық тұқымдас............. кейінгі ең көп таралған ағаш, бұта, шала бұталы, шөптекті өсімд........ тобы.

Тапсырма №2

Бұршақ тұқымды өсімдіктердің жапырақтарын білу үшін раушангүлдердің жапырағын еске түсіріңдер. Жауабын жазыңыздар.

Жауабы: Жапырағы қауырсын тәрізді немесе саусақ салалы күрделі жапырақты, кейде жай жапырақты болып келеді. Жапырақтарында бөбешік жапырақ болады.

Тапсырма №3

Бұршақ тұқымды өсімдіктердің гүлдерңн білу үшін оқулықпен жұмыс жасаңыздар.

Жауабын дәптерлеріңе жазыңыздар.

Жауабы: Гүлдері - орташа мөлшерлі немесе ұсақ. Ұсақ гүлдері шоғырбас, шатыршагүл, шашақ гүлшоғырына жиналады. Гүлі біріккен бес тостаған жапырақшалар, 5 күлтежапырақшадан құралады. Күлтенің құрылысына қарай әр түрлі атаулары да бар. Ең ірі күлтежапырақша - «желкен», күлтенің екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша - «ескек» деп аталады. Ал төменгі тұтасып өскен екеуі - «қайықша». Қайықшаның ішінде 1 аналық бар, оны 10 аталық қоршап тұрады. Аталықтар қоршаған аналық түбіне тірне жинақталады. Бұршақ тұқымдастардың көпшілігінде 9 аталық жіпшелерімен бірігіп, біреуі бос қалады (Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1). Барлық аталықтары бос болатындары да, аталықтары түгелдей аталық жіпшелермен бірігетін де түрлері бар. Аналығы аналық аузынан, аналық мойнынан және жатыннан құралады. Бұршақ тұқымдастардың басым бөлігі бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады. Бұлардың өздігінен тозаңданатын да түрлері (егістік асбұршақ) бар.

Тапсырма №4

Сурет арқылы бұршақ тұқымды өсімдіктердің қолдану аймағын ойланып көріңдер.

Құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан, тағамға (асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жасымық), мал азығына пайдаланылады. Сарыбөрібұршақ, беде, ақбас түйежоңышқа, сиыржоңышқа, жантақ - пайдалы мал азығы. Жержаңғақ, нұт та тағамдық өсімдіктер. Жалаң қызыл мия медицинада жөтелге қарсы дәрі ретінде белгілі. Кассия (сана) деген түрі іш босататын дәрі ретінде пайдаланылады. Бұршақ тұқымдастардың сәндік түрлері де (қарадан), улысы да (тентекмия) бар


Тапсырма №5

Сәйкестендіру тесті.


Бұршақ_тұқымдастар-Б__Жемісі__Дұрыс_жауап'>Раушангүлділер-Р

Бұршақ тұқымдастар-Б

Жемісі

Дұрыс жауап

  1. Алмұрт

  2. Құлпынай

  3. Асбұршақ

  4. Шабдалы

  5. Жержаңғақ

  6. Беде

  7. Соя

  8. Шыршай

  1. Бұршаққын

  2. Бұршаққап

  3. Құрғақ kөп жаңғақшалы

  4. Құрғақ

  5. Шырынды жидек

  6. Сүйекті шырынды

  7. жидек

1. G

2. C

3. B

4. F

5. B

6.Е

7. B

8.D


Тапсырма№6

Тест. Раушангүлділер мен бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік белгілерін бөліп жаз



    1. Жемісі-жидек.

    2. Гүлшоғыры-шоғырбас.

    3. Гүл формуласы Т(5) К5 А ∞ Ж1.

    4. Гүлі біріккен -5 тостағанша.

    5. Жемісі-бұршаққап.

    6. Гүлі бірікпеген – 5 күлтежапыраша.

    7. Гүлінде аталығы көп, кейде 4-8-9.

    8. Гүлінде аталығы- 10, аналығы -1.

    9. Тамырында азот жинақталады.

    10. Тұқымында эндоспермі болмайды

Раушангүлділер Бұршақ

Жауабы: 2, 4, 5, 8, 9.

Жауабы: 1,3,6,7,10.


ІV. Бекіту. « Білгенге маржан»

V. Бағалау:

VІ. Үйге тапсырма:

  • § 45 (бәріне).

  • Іздену жұмыстары таңдаумен:

асбұршақ пен үрмебұршақ маңызын жазып келу

Сурет салу.148 беттегі 1,2,3 тапсырма




«Талица жалпы негізгі білім беретін мектеп» КММ

Ашық сабақ: Бұршақ тұқымдастар


Өткізген: Химия пәнінің мұғалімі

Кудабаева Арайлым Бекбосыновна

2016 – 2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет