Сынып 6 Күні: 24. 04. 2015 Тақырыбы



бет1/2
Дата19.05.2017
өлшемі258,69 Kb.
#16373
түріСабақ
  1   2
Сынып 6

Күні: 24.04.2015
Тақырыбы: Пішіндері , қоректенуі, тыныс алуы бойынша бактериялардың әртүрлілігі
Мақсаты: Ауру туғызытын бактериялар түрлерімен таныстырып, олардың зияны туралы түсіндіру. Бактериялардың халық шаруашылығына маңызы барын көрсету.
Міндеті: Ауру туғызытын бактериялармен таныстыру, олардың алдын алу шараларын сақтауды мәлім ету.
Құрал-жабдықтар: “Ауру тудыратын бактериялар”, “Бактерия зақымдаған өсімдіктер”, “Шіріту бактериялары”, “Түйнек бактериялары”, “Ашытқы бактериялары” суреттері, электронды көрсетілімдер, флипчарт.
Сабақ типі: Жаңа сабақ түсіндіру
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1.Ауру туғызатын бактериялар

2. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы

3.Шіріту бактериялары

4. Түйнек бактериялары

5. Цианобактериялар



Ауру туғызатын бактериялар – адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы. Олар туғызатын аурулар: оба, сіріспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң.

Індет- ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруы


Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы – тазалық ережелерін сақтау. Киімді таза ұстау. Ағзаны шынықтыру. Тағамдарды көгеруден сақтау.

Пеницилл дәрісін қабылдағанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды.

Бактериоз – бактериялардың өсімдіктерді зақымдауы.
Шіріту бактериялары – біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы. Олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. 1 г қара топырақта – 5-6 млрд бактериялар болады.
Түйнек бактериялары – жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соя шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді.
Цианобактериялар- бактериялардың фотосинтез процесі жүретін жасыл-қызыл түсті өкілдері.

Осциллятория трихомасы- бұтақталмаған бір түрі.

Спирулина цианобактериясын нәруыз өндіру үшін көптеген елдерде арнайы суқоймаларында өсіріледі.


Әсер етуші факторлар

№ 1 Зертханалық жұмыс Сүт қышқылы бактерияларын, цианобактериялар мен пішен таяқшасын микроскоппен қарау.


ІІІ. Бекіту: Бактериялар тіршілік әрекетіне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы өте зор. Сапрофитті бактериялардың көпшілігі өсімдіктер мен өлген жануарлардан, саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратады, шірітеді.
ІV. Сабақ қорытындысы: Бактериялардың табиғатта және халық шаруашылығнда маңызы зор. Олардың кейбір түрлері өсімдік қалдығымен, жануарлар өлексесімен, саңырауқұлақтардан қалған қалдықтарды ыдыратып, шірітеді. Топырақ құнарлығын жақсартуға қатысады. Бактериялар зат айналымына қатысып, тіршіліктің жалғасуына себепші болады. Цианобактериялардың кейбір түрі бос азотты синтездеп, нәруызға айналдыра алады. Сөйтіп, нәруыз өндіру үшін арнайы суқоймаларда өсіріледі.
V. Үй тапсырмасы: параграфтарды оқып, сұрақтарға жауап беру
VІ. Бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет