Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Ақкемер орта
мектебінің технология пәні мұғалімі
Сынып: 8а Күні: 23.02.2017 жыл
Ашық сабақтың тақырыбы: Тұрғын үй ішкөріністерінің композициясы, сәндік жасаулар: картина, кілем, гүлдер, ыдыстар, музыка, айна. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдері.
Мақсаты: Үй күту мағынасында түсінік беру, интерьер композициясы, үйді әсемдеуге үйрету.
Міндеттері: Білімділік:Оқушылармен бірлесе отырып, өзі тұратын үйді күту бағытында білім беру.
Тәрбиелігі:Тазалыққа, ұқыптылыққа дағдыландырудың, жеке гигиенаны сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: білім-білік дағдыларын одан ары дамыту, сабақта алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия: Топтық жұмыс, «БҮҮ» стратегиясы, т. б.
Сабақты байланыстыратын пән: Қазақ тілі, биология, бейнелеу өнері.
Көрнекілік: Суреттер жинағы, оқушылардың қолөнер бұйымдарынан көрме, интербелсенді тақта, слайд, т. б.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Жұмыс орнын дайындау
1.Үй тапсырмасын тексеру. Жеке кәсіпкерлік, бизнес-жоспар құру бойынша топтық жұмыс. Сұрақтарға жауап беру. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 1 топқа тапсырма:
Қыш шеберханасы шай ішетін кесе шығарады делік. Шеберхана иесі жас жігіт: «Кеселерді бәсекелестеріме қарағанда арзан бағамен көп етіп сатсам, мол табыс табамын» , - деп ойлайды. Өзінің шығынын дұрыс есептемеген шеберхана иесі кесенің құнын 180 теңге етіп қояды. Ал оның бәсекелестерінде оның құны – 210 теңге.
СҰРАҚ
Қыш шеберханасы кесенің құнын қалай белгіледі?
Кесенің құны дұрыс па? Егер дұрыс емес болса, неге?
Қалай ойлайсыңдар, шеберхана иесі табысқа жете ме, әлде шығынға ұшырай ма?
2 топқа тапсырма:
Ағаш өндейтін «Терезе және есік» фирмасы 5 терезе жақтауына тапсырыс алды. Фирма үшін 1 терезенің жақтауы 14 000 теңгеге түседі. Фирма әрбір дайын жақтаудың құнын 15000 теңге деп белгілейді. Бұл рыноктағы ең жоғарғы баға емес, бірақ материалдың бағасы жоғары, сондықтан фирма табыс табамыз деп ойлайды.
СҰРАҚ
Фирма өнімнің құнын қалай шығарды?
Қалай ойлайсыңдар, бұл фирма 5 терезе жақтауын жасап, өздеріне пайда түсіре ала ма?
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.Слайд бойынша оқушыларға үй интерьері, сәндік жасаулар, үйді күту туралы мәліметтер беріледі.
Интерьер – француз тілінен аударғанда «ішкі» деген мағынаны білдіреді.Интерьер – орынжайлардың ішкі біртұтас үйлесімділікте жинақтауғамүмкіндік беретін жоспарлаудың сәтті шешімі. Интерьер композициясы – жиһаз, шырақ, тұрмыстық жабдықтардың орналасуы мен өзара үйлесімділігі. Үй ішінің сәндік жасауына адам тұрмысына сән беретін кілемдер, гүл, ыдыстар, картиналар, терезе перделері, айна, музыкалық аппаратура сияқты пайдалы және сәндік элементтер кіреді.
Үйді жиһаздағанда ең негізгі талаптар: әдемілік,ыңғайлылық, тазалық, түс үйлесімділігі. Үйдің ішінде жүріп – тұруға ыңғайлы болу үшін пәтер ішін дұрыс бөліп алу керек. Баяғыда ата-әжелеріміз көшпелі өмір сүрген кезде киіз үйде жазын да, қысын да өмір сүрген. Киіз үйге қажетті бүкіл жиһаздарды өз қолдарымен жасаған: сырмақ, текемет, тұскиіз, ши, алаша, кілем, көрпе-көпшік.
Кесте тігу, ою-өрнектеп киіз басу және тоқымашылықта халықтың көркемдік дарындылығы байқалады. Көптеген кестелі бұйымдар тұрғын үйді безендіруде өзіндік сәндік және ұлттық өзгешелігімен ерекшеленеді. Олардың арасында кестелі тұскиіз де бар. Қабырға кілемдері – сәндік, киіз үйдің жылылығын сақтау мақсатында тұтынатын үй бұйымдарының бір бөлігі.
3.Үйді күту кезінде қауіпсіздік сақтау ережесін еске түсіреміз.
- Ашық тұрған токтың айналасына жақындамау;
- Терезе, есіктерді ашық тастамау;
- Токқа қосылатын заттар (тоңазытқыш, теледидар, т. б.) су сүрткішпен сүртпеу.
4. Ой қозғау: топтарға бөлініп постер қорғау.
«Менің аулам», «Менің үйім», «Менің бөлмем» тақырыптары бойынша.
- Ой пікірімізді жазу;
- Ойымызбен бөлісу;
- Сыныппен бірлесе отырып, ойымызды жинақтау, қорғау.
Біздің аулада жазда өте әдемі. Жазда аулам гүлге оралады, бақшамызда дәмді жеміс-жидектер, көкөністер өседі. Мен мамама суаруға, түптерін қопсытуға көмектесемін. Ауыл жері болғасын, біз ірі қара мал ұстаймыз, сүт, қаймақ, айран бәрі де өзімізде болады. Үй құстарынан тауық, үйрек ұстаймыз. Біз - еңбеккор жанұямыз.
Әрбіреуіміз үшін өз үйіміз шексіз әлемнен, сыртқы ортадан қорғайтын қамал, жеке кеңістік. Ол жылы, жарық, қолайлы және қауіпсіз болуы тиіс. Менің пікірімше, бақытты ошақтың қарапайым ғана түсінігі осылай. Менің өзімнің жеке бөлмем бар. Бөлмем өзіме ұнайды. Бөлмемде көп заттар бар: компьютер, шкаф, өзімнің жеке төсегім, кітаптарға арналған жеке сөрем бар. Өзім бөлмемде отырып кітап оқығанды, компьютерде ойындар ойнағанды ұнатамын. Бөлмем кең, жарық. Терезеден даланы, табиғатты көре аламын.
Менің пәтерімде ... бөлме бар.Менің пәтерім ... этажда орналасқан. Әр бөлмесі өте кең. Мен өз бөлмемді ұнатамын. Таң атқанда менің бөлмемнің терезесінен күннің шуағы бөлмемді өзінің жылы нұрына толтырады. Жаз кезінде таңертен өте ыстық болады. Пәтеріме кірген кезде үйімнің жылуын сеземін. Өз бөлмем маған әсіресе ыстық. Бөлмемді уақытымен тазалап, қоқыстарын шығарып отырамын. Мен өз пәтерімді қатты ұнатамын.
5.Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Атадан бала туса игі
Әдептілік белгісі,
Ата бәйтерек,
Атаның сөзі,
Ананың көңілі балада,
Балапан ұяда не көрсе,
Ана сүті бой өсіреді,
Ананың сүті бал,
Күннің шуағы жылы,
Жақсы іске келер,
Атаңның баласы болма,
Әдепті бала –арлы бала,
Еңбек етсең ерінбей,
Жақсыдан үйрен,
|
ата жолын қуса игі.
иіліп сәлем бергені.
бала жапырақ.
ақылдың көзі.
баланың көңілі далада.
ұшқанда соны іледі.
ана тілі ой өсіреді.
баланың тілі бал.
ананың құшағы жылы.
жаман асқа келер.
адамның баласы бол.
әдепсіз бала сорлы бала
тояды қарның тіленбей
жаманнан жирен
|
|
|
6. Практикалық жұмыс. Үйді сәндеу. Оқушылар өз қолдарымен картина, гүл, оюлап жасаған, тоқылған бұйымдары, қағаздан жасалған, құрақ-көрпе т.б. туралы түсіндіріп, қорғайды, көрме жасалады.
- Оқушылармен бірлесе отырып, ойымызды бір бағытқа бағыштау, бұл - үйді өсімдіктермен, гүлдермен әсемдеу. Үй өсімдіктері хош иісі мен түрінің әдемілігімен, түсімен табиғатпен етене біріге септігі бар екендігін дәлелдеу.
- Теңіз жағасында тауып алынған заттардың бәрі - ұлутастар, майда тастар, ағаш бөлшектері шебер қолдарда интерьерге арналған әсем әшекейлерге айналдыруға болатындығын көрсету.
7. Рефлексия. -Құрметті балалар!.Отбасы әркімнің туған үйі-жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы»- атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып, жүргізейік.Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлерімізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығын осы жерде айтуларыңызды сұраймын. «Тілек шамын» жағу, бір-бірлеріне жақсы тілектерін айта отырып, шамды бір-біріне тапсыру, жүргізу (оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін)
Сабақты бекіту. Сұрақтарға жауап беру.
Интерьер деген не?
Тұрғын үйге қандай талаптар қойылады?
БҮБ стратегиясы:
Білемін Үйрендім Білгім келеді?
Қорытындылау.
Бағалау: Оқушының түсінігін, стратегиямен жұмыстана білуін қадағалай отырып, бағалау
Үйге тапсырма: кілем туралы мәліметтер.
Жұмыс орнын жинастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |