В) Үш мәрте Кеңес Одағының Батыры И. Кожедуб.
8. «Байыңыздар, жинаңыздар, өз шаруашылықтарыңызды дамытыңыздар және сіздерді қысады деп қорықпаңыздар!» деген ұранды айтқан «жэс линиясының» теоретигі –
А) Л. Троцкий.
Б) В. Ленин.
В) Н. Бухарин.
9. 1917 ж. 14 наурызда Оңтүстік Қазақстанда құрылған «Шуро-и Ислами» партиясы 1918 ж. күйреді. Оның себебі неде?
А) Оның «Шура-и-Улема» атты таза исламдық партия болып құрылуы.
Б) Оның басшысы М. Шоқайдың тұтқындалуы.
В) Қоқан республикасының құлауы.
10. КСРО-да жұмыссыздық ресми түрде қай жылы жойылды?
А) 1928 ж.
Б) 1930 ж.
В) 1932 ж.
11. Қазақстандағы бірінші ұлттық театрды кім басқарды?
А) С. Қожамқұлов.
Б) К. Жандарбеков.
В) Ж. Шанин.
12. 1916 ж. 25 маусымдағы Жарлық бойынша тыл жұмыстарына 400 адам тарту жоспарланған, оның 250-і Түркістан өлкесінен, 151 мыңдай адам Ақмола өлкесінен, 60 мың адам Семей өлкесінен, 40 мың адам Торғай өлкесінен. Қорғаныс құрылыстарын салуға нақты қанша адам жіберілді?
А) 100 мыңнан астам.
Б) 200 мыңнан астам.
В) 350 мыңнан астам.
13. Ақпан революциясы кезеңінде бұл орган Құрылтай жиналысымен ауыстырылған. Ол қалай аталды?
А) Уақытша үкімет.
Б) Министрлер Кеңесі.
В) Мемлекеттік Дума.
14. Ф. Голощекиннің «Кіші октябрь» концепциясының мәні мынада: 1925 жылғы қыркүйекке дейін (оның Қазақстанға келген күні)
А) азамат соғысы кеңес өкіметінің Қазақстандағы «триумфалды шерулерін» тоқтатты, сондықтан орталықтағы сияқты партиялық және кеңестік органдарды жылдамдатып құру керек болды.
Б) қазақ ауылында кеңес өкіметі де, партиялық құрылыс та, партиялық ұйымдар да мүлде болмады, тек байлар мен олардың құйыршықтарының күш көрсетуі ғана болды, сол себепті қазақ ауылында социалистік қатынастарды нөлден бастап құру үшін төтенше шаралар қажет болды.
В) Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыстың, азамат соғысының, «әскери коммунизмнің» ауыр салдарынан есін жия алмай отырған, сондықтан индустрияландыру мен ұжымдастыруды жылдамдату қажет болды және бай-феодалдардың мүліктерін қазақ ауылының кедей адамдарына тәркілеп алып беру.
15. Жаппай ұжымдастыру бағыты нені қарастырды?
А) ұсақ крестьян шаруашылықтарын толық кооперативтендіру немесе оларды мемлекеттік секторға қоғамдастыру.
Б) ұсақ крестьян шаруашылықтарын ұжымшарларға кооперативтендіру.
В) Қазақстандық малшылардың малын тоығымен қоғамдастыру.
16. 1941 ж. 14 маусымда ТАСС КСРО заматтарына не жайлы хабарлауға өкілетті болды?
А) кеңес барлаушыларының хабарлауы бойынша фашистік Германия КСРО-ға шабуыл жасауға дайындалып жатқаны.
Б) герман әскерлерінің КСРО шекараларына жинақталуы туралы хабардың провокация болып табылатындығы.
В) АҚШ және Англиямен жасалған келісімшартқа байланысты Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс жағдайы туралы.
17. 1923 ж. шаруашылық органдардың келісілмеген әрекеттерінің кесірінен ЖЭС-тың «баға қайшылығынан» болған бірінші дағдарысы болды. Бұл нені білдіреді?
А) өндіріс тауарларына қарағанда ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасының бірден өсуі.
Б) дүние жүзіндегі мұнай бағасының бірден өсуі, ал Кеңестік мұнайдың шетелге өте арзан бағамен сатылуы.
В) ауылшаруашылығы өнімдеріне қарағанда жаппай сұраныстағы өндіріс тауарларының бағасының бірден өсуі.
18. ҚазАКСР Халық Кеңесінің «Қазақтардың некелік құқығы туралы» және «Көп әйел алудың жазаланатындығы туралы», ҚазАКСР ОСК «Мал ұрлаушылықпен күрес туралы» декреттеріне қашан қол қойылды?
А) 1919 ж.
Б) 1920 ж.
В) 1921 ж.
19. 1919 жылдың 8 қаңтарында «әскери коммунизм» талабына сәйкес азық-түлік диктатурасының орнына азық-түлік салғырты енгізілді. Олардың айырмашылығы неде?
А) Азық-түлік диктатурасы кезінде шаруалар тек қана астық өткізеді, ал азық-түлік салғырты дегеніміз тек астықты ғана емес, азық-түлік өнімдері де тартып алынады.
Б) Азық-түлік салғырты бойынша шаруалар «басы артық» астықтарын мемлекеттің қатаң бағасы бойынша өткізулері тиіс болды, ал азық-түлік диктатурасы дегеніміз мемлекеттің алдын-ала жариялаған тапсырысы бойынша губерниялар мен ояздардың астық өткізуі.
В) Азық-түлік диктатурасына сәйкес шаруалар «басы артық» астықтарын мемлекеттің қатаң бағасы бойынша өткізулері тиіс болды, ал азық-түлік салғырты дегеніміз мемлекеттің алдын-ала жариялаған тапсырысы бойынша губерниялар мен ояздардың астық өткізуі.
20. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы кімнің атымен байланысты?
А) Ұ. Таңсықбаев.
Б) Ә. Қастеев.
В) Х. Қожықов.
21. Патша режимі орталық губерниялардағы адамның көптігінен орталықтағы әлеуметтік шиеленістерді әлсірету үшін, қауымдық идеологияға керісінше жекеменшік идеологияның негізі болып табылатын кулактық жер иеленушілікті дамыту үшін жерсіз немесе жерлері аз шаруалардың шеткері көшуін саналы түрде қолдады. 1917 ж. Қазақстан Сібірден кейінгі орында барлық қоныс аударушылардың 48,8 % қабылдады. Қоныс аудару қорына ең жақсы жерлердің қанша бөлігі бөлінді?
А) 35 млн. га аса.
Б) 45 млн. га жуық.
В) 75 млн. га аса.
22. 1920 ж. Қазақстанда тамырландыру деген саясат жүргізілді. Республиканың жетекші органдарына ұлттық кадрларды тартудан басқа оның қандай мәні болды?
А) дәстүрлі қазақ мәдениетін өркендету, қазақ халқының арасындағы сауатсызықты жою.
Б) қазақ мемлекеттілігін дамыту.
В) қазақ тілінің мәртебесін анықтау, ұлттық мектептер салу, өзінің әдебиеті мен өнерін қалыптастыру.
23. 1920 жж. басында Қазақстандағы шаруашылық реформаларына тән ерекшеліктердің бірі - шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру негізінде жұмыс істейтін өндіріс орындарын –
А) трестерге біріктіру.
Б) концессияларға біріктіру.
В) картельдерге біріктіру.
24. А. Матросовтың өшпес ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағамбетовке өлгеннен кейін Кеңес Одағының батыры атағы не үшін берілді?
А) Мәскеу үшін болған шайқастарға қатысқаны үшін.
Б) Ленинград үшін болған шайқастарға қатысқаны үшін.
В) Сталинград үшін болған шайқастарға қатысқаны үшін.
25. Қай мезгілде Қазақстанда шаруалардың депутаттар Кеңесі қызмет ете бастады?
А) 1917 ж. ақпанында.
Б) 1917 ж. маусымында.
В) 1917 ж. наурыз-маусымында.
Достарыңызбен бөлісу: |