ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 8-СЫНЫП Бөлім тақырыбы: 8.1 ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: §5Ресейдегі 1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері(2-сабақ)
Зерттеу сұрағы:
Қазақстанд
1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?
Оқу мақсаты: 8.3.1.2 – XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру.
Бағалау критерийлері: ХХғасыр басындағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді
1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының Қазақстанға әсерін анықтайды.
Ресейдегі 1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері
Бейнетаспаға назар аударыңдар.
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/8-synyp/alash-qozhalysy-zhane-qazaq-ulttyq-ideyasy?mid=142:choice
Ақпан революциясынан кейін Қазақстанда қазақ зиялылары басқарған қазақтардың облыстық және уездік комитеттері құрылды. 1915-1917 жылдарда Орынборда «Еркін дала», Омбыда «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Тройцкіде «Үміт» сияқты ұйымдары құрылды бүкіл Қазақстан аумағын қамтыды,саясатқа жастар да тартылды, қалаларда жастардың 20-дан астам ұйымдары құрылды. Алғашқы кезде мәдени-ағартушылық проблемаларымен айналысты, қазақ халқын патша өкіметінің ұлттық-отаршылдық езгісінен азат етуді, өз халқының көзін ашуды шын жүректен тіледі, тәуелсіздік сезімдерін оятуға талпынды,жастардың съездеріндегі село еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау қажеттігі туралы сөйлеген сөздері халық көңілінен шықты.Қоғамдық өмірдің барлық саласының демократиялануы, кең көлемді саяси бостандықтардың орнауы мен осы үрдістің нәтижесінде халық бұқарасының саяси санасының арты.
1 тапсырма. Сызбаны толтыр.Жаңа қоғамдық ұйымдардың құрылуы және мақсаттары жайында толтыр.
Дескриптор:Білім алушы Либерал демократиялық—бағыттағы партиялар,
Социал- демократиялық бағыттағы партиялар,
Мұсылмандық бағыттағы партиялардың құрылған жылын,басшысын,мақсаттарын және қай жерлерде құрылғанын анықта.
2-тапсырма.Серіктесті оқыту әдісі ХХғасыр басындағы қоғамдық-саяси процестерге баға бер.
Жетістігі
кемшілігі
Дәлелде 1. 2. 3.
Дәлелде
1.
2.
3.
Дескрипторлары: -ХХғасыр басындағы қоғамдық-саяси процестердің жетістігіне баға беріп 3 дәлеле келтіреді.
- ХХғасыр басындағы қоғамдық-саяси процестердің кемшілігіне баға беріп 3 дәлел келтіреді.
3-тапсырма. Тапсырманың түріне қарай белгілерін анықта.
Тапсырманың түрі
Белгісі
Ақпан революциясы қашан болды?
Ақпан революциясының пайда болуы себебі
Ақпан революциясынан кейін Қазақстанда құрылған жергілікті органдар?
Уақытша үкіметтің мақсаты
Саяси партиялар
Ақпан революциясының нәтижесі
Дискрептор: 1.Ақпан революциясы болған уақытын біледі.
2.Ақпан революциясының пайда болуы себебін түсінеді.
3.Ақпан революциясының нәтижесін біледі.
4.Ақпан революциясынан кейін Қазақстанда құрылған жергілікті органдарды атайды.
5.Уақытша үкіметтің мақсатын түсінеді.
6.Саяси партияларды біледі.
Қорытынды Бүгінгі орындаған тапсырмалар бойынша өз-өзіңді бағала.
Сілтеме бойынша өтіп тапсырмаларды орында.
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/8-synyp/alash-qozhalysy-zhane-qazaq-ulttyq-ideyasy?mid=142:choice