Сынып жетекшінің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сынып сағатының тақырыбы
|
Ұлы дала перзентімін
|
Тәрбие құндылығы
|
|
Мақсаты
|
Оқушыларға қазақстандық патриотизм идеясын дамыту. Аталардың батырлық дәстүрін, тарихын, ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту, мақтаныш сезімдерін ояту және оларға құрметпен қарау. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.
|
Бағалау критерийлері:
|
|
Тәрбие сағатының барысы
Сабақтың кезені/ уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Ой шақыру.
Мұғалімнің сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.
Отан деген не?
(Балалардың пікірлері)
– Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің туып, өскен ауыл. Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.
– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады. Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.
Мағынаны таңдау.
Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.
Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.
Постер қорғау «Патриот деген ол ….»
Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата- баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну;
Үкіметті сыйлау;
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
|
Достарыңызбен бөлісу: |