Қаулы етеді: ІІ-тоқсан қорытындысы талқыланып, жақсы үлгірімге жету үшін жұмыстар жүргізілсін.
Сынып секторларының жұмыстары жандандырылсын.
Жиналыс төрайымы: Асқарқызы А. Хатшысы : Боранбай Ж Сынып жетекшісі: Абдразакова Н
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстар 2 – стратегиялық бағыт – Ата – анамен жүргізілетін жұмыс бағытын нақты айқындау, жүйелендіру. Мектеп, оқушы, ата – ана арасындағы байланысты нығайтуға және бастауыш сынып ата – аналар үшін «Шаңырақ», орта буын ата – аналар үшін «Орда», жоғары буын ата – аналар үшін «Ақ сарай» жауапкершілігі толық серіктестік құру арқылы бала тәрбиесінде жаңа заман талабына сай ата – аналардың өзіндік идеяларын іске асыруға мүмкіндіктер туғызу. Отбасылық жағдайларды үйрену және баланың отбасы тәрбиесіне жағдай жасау; ата – анамен жеке және топтық жұмыс жүргізу, тақырыптық кеңестер беру; тақырыптық ата – аналар жиналысын өткізу (тоқсанына 1 рет), ата – ана арасындағы жиналыс рейтінгісін жасау; оқу үрдісінен тыс қызықты іс – әрекетті ұйымдастыруға тарту; «Оқушы – ата – ана» жүйесіндегі ата – аналардың өзара әсерінің біріккен тренингтерін өткізу; сынып оқушылары ата – аналар ұжымының жұмыс қорытындысының диагностикасы. 1 – міндет:Ата – аналардың мектептегі тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастыруда өздерінің пікірлерін іске асыруларына мүмкіндіктер туғызу. Нәтижесінде ата – аналар мектептегі іс – шараларда өз рөлдерінің ерекшеліктерін түсінеді 2 – міндет:Өздері белсене араласқан іс – шаралар арқылы бала тәрбиесіндегі ата – ананың ролінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Нәтижесінде ата – аналардың белсенділігі артады.