Сынып жетекшісі мен оқушылардың ата-аналарының өзара əрекеттесу формалары



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата08.11.2023
өлшемі86,28 Kb.
#190215
  1   2   3
Байланысты:
Дәстүрлі



Сынып жетекшісі мен оқушылардың ата-аналарының өзара əрекеттесу
формалары.
Оқушылардың ата-аналарымен практикалық жұмыста сынып жетекшісі өзара
əрекеттестіктің ұжымдық жəне жеке түрлерін пайдаланады. Екі жағдайда да жұмыстың
дəстүрлі жəне дəстүрлі емес түрлері жүзеге асырылады.
Ата-аналармен жұмыстың дəстүрлі түрлері

ата-аналар жиналысы

Бүкіл сыныптық жəне жалпы мектептік конференциялар

Мұғалімнің жеке консультациясы

Баланың үйіне бару
Мұғалім мен ата-ананың өзара əрекетінің əмбебап түрі —
ата-аналар
жиналысы.
Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша ұсыныстар
1.
Ата-аналар жиналысы балалардың оқудағы қателері мен кемшіліктерін
айтпай, ата-аналардың танымын арттыруы керек
2.
Кездесудің тақырыбы балалардың жас ерекшеліктерін ескеруі керек.
3. Жиналыс мазмұны теориялық жəне практикалық болуы керек:
жағдайды талдау, тренингтер, талқылаулар жəне т.б.
4. Жиналыста оқушылардың жеке басын талқылауға жəне айып тағуға
болмайды.
Сынып ата-аналары жиналысы.
Сынып ата-аналары жиналысы тоқсанына
бір рет өтеді, қажет болған жағдайда жиі өтуі мүмкін. Ата-аналар жиналысы
ата-аналарды тəрбиелеу құралына айналып, олардың педагогикалық ой-өрісін кеңейтіп,
жақсы ата-ана болуға деген ұмтылысын оятуы керек. Ата-аналар жиналысында
оқушылардың оқу үдерісіне, мүмкіндіктеріне, сыныптың үлгеріміне талдау жасалады.
Ата-аналар жиналысы – баланың жетістігін көрсету мүмкіндігі. Жиналыстағы əңгіме
бағалар туралы емес, танымдық жəне моральдық мотивацияға сəйкес білім сапасы мен
интеллектуалдық күш-жігердің дəрежесі туралы болуы керек. Ата-аналар жиналысына
оқушылардың жұмыстары мен жетістіктерінің көрмесін дайындау қажет.
Ата-аналар жиналысын өткізудің көптеген түрі бар . Жиналыстың тақырыбы
мен əдістемесі оқушылардың жас ерекшеліктері, ата-аналардың білім деңгейі мен
қызығушылықтары, мектептің білім берудегі мақсаттары мен міндеттері ескерілуі
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет