Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай? 1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектері мен мүдделерін жеке олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы мән мұгалімдері мен мектеп әкімшілігін жәнс оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, окушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оку насихат жұміыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектепттен тыс әр алуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компонентерінің бірі ретінде қарастыру т.б.
Сьнып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін "Класс жетекшісінің жұмысы туралы" методикалық хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердін Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет. Олардың тізімі әдебиеттер бөліміндс көрсетіледі.
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі. Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Россиядағы оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші - ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетскшілері деп атады