Сынып жетекшісі өте маңызды да əрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол сыныптағы
тəрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы жəне оқушылардың ұстазы болып
табылады. Сынып жетекшісін тəрбиелі жəне беделді мұғалімдерден мектеп директоры
тағайындайды. Сынып жетекшісіне негізінен мынындай үш түрлі басты мінде
жүктеледі:
Өз сынып мұғалімдерінің жұмысын үйлестіріп отыру.
Сыныпта оқушылармен бүкіл тəрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізіп, оған бағыт
беріп отыру.
Мектеппен отбасының байланысын жасау.
Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүйемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің
мақсатына жетеді жəне ең жақсы нəтижелерге ие болады. Жан – жақты тəрбиенің
мақсаты мен міндеттерінен туындайтын өзара байланысты тəрбие щараларының
жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі деп аталады.Жүйе сынып жетекшісінің
оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын қамтиды. Яғни саяси
идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тəрбиесі т.б.
Сынып жетекшісі өз сабақтарында жəне басқа сабақтарға қатынасып, сынып
жиналыстарында, сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға зер сала бақылау арқылы,
оқушылардың өзімен жəне оның жолдастарымен, ата – аналарымен əңгімелесу
арқылы жəне оқушылар жайлы неғұрлым толық мағлұмат алады.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі мен міндеттері жəне сынып жетекшісі жұмысының
мазмұны.
Басты міндетті шешу үшін, сынып жетекшісі оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білуі
керек. К.Д. Ушинский “Адам – тəрбие нысанасы ” – деген еңбегінде былай деп жазды:
“Егер педагогика адамды жан – жақты етіп тəрбиелегісі келсе, онда педагогика ең
алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек”.
Сынып жетекшісі жеке шəкірттер жайлы мынадай мəліметтерді білуі қажет:
А) баланың денсаулығы;
Ə) отбасындағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы;
Б) баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;
В) мінез – құлқын, темпераментін, қабілетін, қызығушылығын, еркін, зейін т.б.
психологиялық ерекшеліктерін;
Г) ‰лкендермен, кішілермен, ата – анасымен, жолдас – жораларымен қарым –
қатынасы;
Д) моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттерін;
Е) еңбекке көзқарасы;
Ж) эстетикалық талғамдарын, қызығуларын, өнерге, əдебиетке дем қоятындығы;
З) интеллектуалдық дамуын;
И) саяси сауаттылығын;
Сынып жетекшісі оқушыларды зеттеп, білуде əр түрлі тəсілдерді қолданады:
А) бақылау тəсілі (сабақта, сенбіліктерде, сыныптан тыс жұмыстарда);
Ə) єңгімелесу тəсілі (пəн мұғалімдерімен, дəрігермен, ата – аналармен,
кітапханашымен, оқушылардың жолдастарымен, өзімен);
Б) анкеталарды толтыру тəсілі;
В) ќұжаттармен танысу (оқушының жеке ісімен, күнделігімен, үлгерім
журналымен);
Г) оқушының шығармашылық жұмысымен танысу тəсілі (шығарма, сурет);
Д) табиғи эксперимент;
Сынып жетекшісі отбасымен жиі қарым – қатынас жасайды, ол ата – аналарға
балалардың оқу – жұмыстары туралы мəлімдеп отырулары керек.
Сынып жетекшісі ата – аналармен мынандай жұмыстар жүргізулері тиіс:
А) оқушының отбасына барып тұру, отбасы жағдайын зерттеу;
Ə) ата – аналарды мектепке шақыру, жеке əңгімелесу, ата – аналармен хат алысу, ата
– аналар жиналысы;
Б) сұрақ – жауап кештері;
В) ата – аналарды педагогикалық əдебиеттермен таныстыру;
Г) ашық есік күндері;
Д) пікірталастар;
Е) ата – аналар комитетімен жұмыс жүргізу т.б.
Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау жəне есепке алу.
Сынып жетекшісінің тəрбие жұмысының жоспары – педагогикалық құжат. Тəрбие
жоспарын құру, оның орындалуындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі.
Жоспар мынандай педагогикалық талаптарға жауап беруі керек:
жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;
сыныптағы тəрбие жұмысы мазмұнының, формаларының, əдістерініің əр түрлі болуы;
3) оқушыларды тəрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін, дəйектілігін қамтамасыз ету.
4) жоспардың нақты болуы;
5) жұмысты келісіп жоспарлау;
Сынып жетекшісінің жоспары мынандай бөлімдерден тұрады:
1) сыныптың қысқаша сипаттамасы жəне оқушылар жайында жалпы мəліметтер;
2) сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары;
3) тəрбие міндеттері;
4) сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс;
5) ата – аналармен жұмыс;
Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.
Сынып жетекшісі басқа мұғалімдерге қарағанда оқушыларға тəрбие беруде өте
маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған педагогикалық талаптар қойылады.
Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар:
а) жоғары идеялық жəне қоғамдық саналылық;
ə) жоғары моральдық бедел;
б) педагогикалық шеберлік;
в) мəдени өріс;
г) педагогикалық əдептілік;
д) балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет;
е) ±йымдастырушылық қабілет;
ж) сынып жетекшісінің мамандығын арттыру;
з) тəрбие жұмысына шығармашылық көзқарас.
Негізгі ұғымдар:педагогикалық процесс, оның жүйелері, сынып жетекшісі, үйретуші,
диагностика, болжау, жоспарлау, ынтымақтастық, тəрбие жүйесі, тəрбие жүйесін
моделъдеу.