Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтардың Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру.
Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрыпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету .
Сынып сағатының міндеттері:
Көктем мезгілінің ерекшелігін, салт – дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарды игерту.
Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздерін кеңнен насихаттау
Түрлі салт - дәстүрлерді көрсету
Сынып сағатының түрі:
Мерекелік кеш
Игерілетін дағды:
айтылым
Ресурстар:
Тақтаның бетіндегі түрлі гүлдермен безендіру, шаңырақ,мерекелік дастархан, интерактивті тақта, музыка
Функционалдық сауаттылық
Тұрмыстық сауаттылық
Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі
Соңы (бекіту)
Оқушылармен еркін пікірлесу үшін бөлме ішінде барлық ұйымдастыру шаралары жасалынып, керекті құралдармен жабдықталады.
(Барлығы мерекелік дастархан басында. Қонақтар нан мен ақтан ауыз тиіп, мерекелік шараны тамашалауға жиналған. )
Жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
(шашу шашылады)
Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Наурыз- ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі сынып жетекшіміз Ардақ Мәлікқызына береміз.
Жүргізуші: Құрт – бауырсақ шашылсын
Наурыз тойы ашылсын
Бір – бірінен мынау жұрт
Өнерлерін асырсын деп алдарыңызда Ибатов Нүркен орындауында «Мереке» әні.
Жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында
Күй ойнайды қазағымның жанында
Жүрегімнің жүрегімнің дүрсілі
Ол алтын саз күмбірлеген домбыра деп алдарыңызда қыздарымыздың орындауында «Домбыра» биі: Дюсенбиева Ақбота
Ал енді «Сұрақ-жауап» ойынын өткізейік.
1.Қазақ халқының тойлары қандай дәстүрмен басталды?/Шашу/
2.Қазақтың ұлттық әйелдер бас киімдері қалай аталады?/қыздар бас киімі-сәукеле,әйелдердікі-кимешек,жаулық/
3.Наурыз символы/жауқазын/
4.Шаңырақ дегеніміз не:/киіз үйдің төбесі/
5.Наурыз қандай мереке?(Жаңа жыл)
6.Наурыз қай мезгілде? (көктем)
7.Наурыз сөзі қай тілден енген? (Парсы)
8.Наурызда біздің арамызда кімнің туған күні бар? (…)
9.Наурыздың бүгін нешесі (19)
6.Наурыз атымен байланысты қорықты ата.(Наурызым)
10.Наурызда істелінетін көже қалай аталады? (Наурызкөже)
11.Наурыз көже құрамы неше тағамнан тұрады,оларды ата?/жеті тағам:ет,тұз,бидай,май,пияз,құрт,күріш/
12.Наурыз күні не жағады? (қос жарық)
13.Құрметті қонаққа немесе жақындарына сақтаған ет мүшелері. (Сыбаға)
14.Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті. (Уыз)
15.Шарадағы қымызды сапыру,ыдысқа қию үшін керек.(Ожау)
16.Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. (Уық)
17.Киіз үйдің негізін құрайтын. (Кереге)
18.Ауылдың үлкендері жолаушылап кеткенде жастар бас қосып,бір үйге жиналып ойын-сауық құрайды.(Бастаңғы)
19.Ауылға басқа жақтан бір отбасы көшіп келгенде,көршілері ол үйді қонаққа шақырып,дәм-тұз татырады. (Ерулік)
«ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР»
«Бес асық» ойыны
«Арқан тартыс» ойыны
«Қазақша күрес» ойыны
Жүргізуші: Ұлыс оң болсын
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс береке берсін
Бәле – жала жерге енсін!
Келген жаңа жылымыз
Қамбар ата түлегі
Жылқы деген жануар.
Жалын төсеп кәріге
Қанат болар бәріне.
Жайлы болып жылымыз,
Өркендей берсін еліміз.
Ырысты боп жылымыз
Бақ дарысын жеріміз.
Наурыз мерекесіәрқайсымызғакөтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үмітпен шексіз махаббат әкелсін. Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын.
Бұл жыл баршамызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын.
Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойың
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!