СЫНЫП ҰЖЫМЫНА МІНЕЗДЕМЕ «Вишневка негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесінің 5-6 сынып. Сыныпта 3 оқушы бар. Оның ішінде 6-ші сыныпта -2 ұл бала, 5-ші сыныпта-1 қыз бала. Сынып жетекшісі Старовойтова Александра Викторовна. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған.
Сыныптың осылай жан-жақтан жиналғандығына қарамастан, сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Барлық оқушылар орташа оқитыйды. Сынып орыс тілі, қазақ тілі, математика жағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (биология, география, тарих, әдебиет) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады.
Үйірмелерге қатысу жағынан қыздар осал. Ал ұлдар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады.Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Сынып іші бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.
Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.