І. Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату.
0-2 мин.
ІІ. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.
|
Оқу қызметіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера құрады. Балалар бір-бірлеріне жылы сөздер айтады.
Мына сұлу əлемде
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сəулесін төгеді.
Балаларға əртүрлі дыбыстар тыңдап, ненің дыбысына ұқсайтынын табады. Дыбыстарды балалар ым-иширамен қайталайды
|
Үнтаспа
|
ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып бойынша жұмыс
6 –22 мин.
|
Əліппе-дəптермен жұмыс.
1-тапсырма. Сурет желісімен педагог балаларға сұрақ қояды. Сұраққа жауап беріп, əңгімелейді. Балалар өз ойларын айтады.
«Ұшты, ұшты» ойыны ойнатылады.
2-тапсырма.
«Айналаңда не ұшады, не ұшпайды?» деген сұраққа сурет бойынша жауап береді.
Ұ дыбысы естілген жануардың атын қайталап, сөздерді буынға бөледі.
Ұ дыбысын айтқанда ерінді кішкене дөңгелектеу,тілдің ұшы астыңғы тіске жақындайды ерінді көбірек дөңгелектеу, тілдің ұшы кейін қарай тартылады.
Ұ – жуан, дауысты дыбыс.
Сергіту сəті.
Педагог балаларды орындарынан тұрғызып, өлең жолдарын қимылмен 2-3 рет айтқызады.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
3-тапсырма. Педагог өлең жолдарын оқиды.
Ұ əрпінің бейнесін түсті қағаздармен құрастырады.
4-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.
Көрдім, ұстадым, алдым.
Көрдім, алмадым, ұстамады.
– Балалардың сөзінен не байқадыңдар? (Ойларын айтады).
5-тапсырма. Жұмбақ шешкізеді. Жұмбақтың шешуі: жұмыртқа. Ұ əрпінің нешінші буында тұрғанын тапқызады.
Ұ əрпінің баспа түрін жазады.
|
Əліппе-дəптер.
Суреттер.
Ұ əрпінің басап түрі жазылған плакат.
Əліппе-дəптер.
Ұ əрпі жазылған плакат.
|