1- жүргізуші Асқат:Қыздар, қыздар, сұлу қыздар... ( әнін әндетіп сахнаға жүргізуші шығады)
2- жүргізуші Еркебұлан:Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған... (екінші әнді орындап екінші жүргізуші шығады).
1- жүргізуші Асқат:Шынымен, әлем ақындары таң қалатындай, қыздар қауымы сұлу ғой шіркін. Олардың күлкісі аққан бұлақтың сыңғыр дауысындай.
2- жүргізуші Еркебұлан:Көздері мөлдір, жаңа жауған жаңбырдың тамшысындай.
1- жүргізуші Асқат:Жүздері жұлдыздан жаралғандай, жарық шашып тұрады.
2- жүргізуші Еркебұлан:Жә, осы жерден тоқтатып, келесі өнерпаз жігіттерге кезек берейік. Өздерінің қағытпа-қалжыңдарымен жігіттерден құралған жайдарман құрамасын қарсы алыңыздар.
(әзіл ойнайды. 5-10 минут арасы)
1- жүргізуші Асқат: Нағыз қазақ, қазақ емес – домбыра демекші, ортада күмбірлеген күйімен Маулет Ағанасты______________________________ қарсы алыңыздар!
2- жүргізуші Еркебұлан:Осы қыздар қауымын «әлемнің сегізінші кереметі» десем сенесің бе?
1- жүргізуші Асқат:Қалай сонда?
2- жүргізуші Еркебұлан:Әлемнің жеті кереметін бәріміз білеміз, сол секілді қыздарды білмейтін адам жоқ қой.
1- жүргізуші Асқат:Сен қызықсың, жігіттерді де біледі ғой.
2- жүргізуші Еркебұлан:Жоқ, бізді біледі. Бірақ біз олар секілді еленіп-ескерілмейміз ғой. Олардың сұлулығына тамсанып қанша ақын жыр жазды, ән жазылды, күй шықты, тіпті, білмеймін енді.
1- жүргізуші Асқат:Қой, олай көңіліңді түсірме. Сен негізі білмейді екенсің. Олар тек бүгін, 8 наурыз күні ғана еленеді. 365 күннің бір күні ғана нәзік жандылардың, ал қалған 364 күн біз секілді нәзік емес жандардың күні ғой. Қайта мақтан!
2- жүргізуші Еркебұлан: Оны ойламаппын. Жарайды. Қарсы алыңыздар, ортада өз өнерлерімен жігіттерді қарсы алыңыздар. «Тренд билер» 1- жүргізуші Асқат:Көктемменен құлпырып,
Жүректерге нұр тұнып.
Қайта жарды бүршігін,
Бәйшешектер бұлқынып.
2- жүргізуші Еркебұлан: Мерекесі асылдың,
Мерейін ал асырдым.
Сұлулары әлемнің,
Сұлулары ғасырдың.
1- жүргізуші Асқат: Сіздерге шын жүректен бақыт және сұлулық тілейміз. Қартаймаңыздар. Мәңгі жасыл шыршадай құлпырып қасымызда жүре беріңіздер!
2- жүргізуші Еркебұлан: Құрметті арулар тағы да мерекелеріңізбен! Келесі күнде жолыққанша сау болыңыздар!