Сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу Сынып сағаты бірнеше бөлімнен құралады:
Кіріспе бөлім – мәселе қою
Негізгі маңызды бөлім – мәселені шешу үшін материалдар
Қорытынды бөлім – мәселені шешу және оның өмірлік маңыздылығын анықтау
Тәрбие сағатын өткізуде дайындық барысында
Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын міндеттерін анықтау;
Тәрбие сағатының мақсаты, міндеттеріне сай оның мазмұнына қатыста материалдар жинау;
Тәрбие сағатын дайындау және өткізудің жоспарын құру;
Тәрбие сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселелерге оқушылардың қызығушылығымен белсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне әсер ететін әр түрлі амал – тәсілдерді ойластыру;
Көрнеккі құралдарын, музыкалық шығармалардың таңдау бөлмені дайындау;
Оқушылар, олар ата – аналары; достары кіші және ересек жолдастары, мектеп қызметкерлері, тақырыпты талқылауға қатыста мамандардың қатысу мақсаттылығн айқындай;
Оқушылар ұжымында ашық тәрбие әнгіме, жайма - шуақ жағдай туғызу.
Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барсындағы рөлін, орынң анықтау.
Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алынған мағұлматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру.