Екінші бөлім:сұрақ-жауап,диалог:
Отбасында ең үлкен,ең ардақты барлық тәттілерін сендерге арнап тығып қоятын кім?
Дұрыс балалар ол біздің әжеміз.(әже суретін көрсету.)
Кітапты көп оқитын,қызықты тарихи оқиғаларды көп білетін,немерелерін еркелетіп,үнемі қасынан тастамай жүретін ақсақалды кісіні кім дейміз?
-Әрине, ол ата ғой. (Ата суретін көрсету.)
Өзі салмақты байсалды,бос уакытын балалармен өткізгенді жақсы көретін
Отбасын қорғаушы,асыраушы кім?(Әке. әке суретін көрсету.)
Ал,балалар біз үшін ең қымбатты,ең ардақты адам кім?
Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Бұл кім,балалар?
Дұрыс балалар.Түнде біз оянып кетсек жұбататын,бесігімізді тербетіп,әлдилеп ән айтатын,біз үшін ең қымбатты,ең ардақты адам-ол әрине ана.( Ана суретін көрсету.)
1) Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
Қорытынды сөз: Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан, оны нығайту, тәрбиелік мәнін арттыру сол қоғамның басты назарында болуы керек. Осы орайда Сіздер болып біз болып бала демей ата-ана демей, мұғалім ұстаз демей, жаппай бірігіп Отбасы ісіне белсене ат салысайық.
Барлық өнеге отбасынан тарайды. Әр отбасы кішкене тәрбие мектебі болуға тиіс. Осы тұрғыда халқымыздың ұлттық тәрбиесі тағы ойға оралады. Ол үлкенді сыйлау, дөрекі сөйлемеу, астарлап айту, қыз баланы сыйлау, ұл-қызын өнерлі, ұлағаттыққа, ерлікке шыңдау, мейірімді болу.
« Приозерск қаласының
№2 мектеп – балабақша кешені »
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: "Отбасындағы сыйластық "
Сыныбы: 8 « Г »
Сынып жетекшісі: Жабагиева Е.Ж
Приозерск қ, 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |